2026 жылғы 15-19 маусым аралығында Херцег-Нови қаласында (Черногория) RAD 2026 – International conference of radiation, natural sciences, medicine, engineering, technology and ecology – XIV Халықаралық ғылыми конференциясы өтуде. Р ҰЯО РМК қызметкерлері аталған конференция жұмысына дәстүрлі түрде қатысады. Ағымдағы жылы оған «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының радиоэкологиялық және биодозиметриялық зерттеулер бөлімінің қызметкерлері А.Е. Кундузбаева мен Т.К. Мусатаева қатысады. Конференция аясында Қазақстан Республикасы дала аймағының топырақтарында жасанды радионуклидтердің болу нысандарын, сондай-ақ әскери радиоактивті заттектерді сынау алаңының топырақтарында жасанды радионуклидтердің болу нысандарының тігінен таралу ерекшеліктерін зерделеу бойынша ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыруы шеңберінде орындалған зерттеу нәтижелері ұсынылды. Конференция жұмысына қоршаған ортаның радиоактивтілігі мен радиациялық қорғаныс, жаратылыстану ғылымдары, медицина, инженерия, технологиялар және экология салаларындағы зерттеу бағыттарын ұсынатын әртүрлі елдерден келген 180-нен астам ғалымдар мен мамандар қатысуда. RAD 2026 конференциясы ғылыми тәжірибе мен идеялар алмасуға, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және жаңа кәсіби байланыстар орнатуға арналған тиімді алаң болып табылады.
RAD 2026 Халықаралық ғылыми конференциясына қатысу
19.06.2026



