ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ маманының Корея Республикасы мен Қытай Халық Республикасының ұлттық биодозиметриялық зертханаларына ғылыми сапары

АТЭХАГ KAZ9018 «Радиологиялық және ядролық төтенше жағдайларға дайындық пен әрекет етуді қамтамасыз ету үшін биологиялық дозиметрияны дамыту» техникалық ынтымақтастық жобасы аясында ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ биодозиметриялық зерттеулер зертханасының бастығы Лаура Кенжина 2026 жылғы 11–22 мамыр аралығында Корея Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бейінді мекемелеріне сараптамалық ғылыми сапармен барды, бұл мекемелердің негізінде ұлттық биодозиметрия зертханалары жұмыс істейді.

Корея Республикасының және Қытай Халық Республикасының тәжірибесін зерделеу Қазақстанның радиациялық қауіпсіздігін ғылыми, әдістемелік және зертханалық тұрғыда қалыптастыру үшін, сондай-ақ радиациялық қатерлерді басқарудың тексерілген модельдерін ұлттық және өңірлік деңгейлерде бейімдеу үшін маңызды болып табылады. Алынған білім мен орнатылған кәсіби байланыстар ҚР ҰЯО РҚЭИ және бүкіл Қазақстанның биодозиметриялық әлеуетін одан әрі дамытуға, зертханалық тәсілдерді жетілдіруге, мамандарды даярлауға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға пайдаланылатын болады.