Ломоносов – 2026

2026 жылғы 10-11 сәуірде М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалында «Ломоносов – 2026» студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың XXI халықаралық ғылыми конференциясы өтті, ол ағымдағы жылы ММУ Қазақстандық филиалының 25 жылдығына орайластырылып, Мәскеу мемлекеттік университетінің Халықаралық Жастар ғылыми форумы аясында өткізілді.

«Қазақстан Республикасының өңірлері мен қалаларын дамытудың геоэкологиялық мәселелері» секциясы шеңберінде ҚР ҰЯО РМК 2 жас ғалымы өздерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды. А.Р. Ермұханбетова «Су объектілерінің радиоактивті ластануына қатысты балықтардың биоиндикациялық қасиеттерін бағалау» тақырыбында баяндама жасады, онда су экожүйелерінің жай-күйінің индикаторы ретінде ихтиофаунаны пайдалану тәсілдері қарастырылды. С.Д. Смирнов «Шығыс Қазақстанның кіші өзендерінің (Ертіс өзен бассейнінің) трофикалық тізбектеріндегі ауыр металдар мен радионуклидтердің тау-кен кәсіпорындарының әсер ету аймақтарындағы биоаккумуляциясы», биотадағы ластаушы заттектердің жылыстауын және жинақталуын бағалауға арналған.

Конференцияға қатысу арқылы зерттеу нәтижелері кең ғылыми аудиторияға ұсынылып, әріптестерімен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ жаңа кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік туды. Алынған білім мен белгіленген ғылыми байланыстарды одан әрі ғылыми-зерттеу қызметінде пайдалану жоспарлануда.