Семей сынақ полигоны тарихының экспозициялық залына Ашық есік күні

Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы барлық келем деушілерді 2025 жылғы 27 тамызда Семей сынақ полигоны тарихының экспозициялық залына шақырады.

Өтетін орны:

ҚР Ұлттық ядролық орталығы
Абай облысы, Курчатов қаласы, Бейбіт атом көшесі, 2

Бағдарлама:

Экспозициялық залға келушілерді полигонды құру мен дамытудың негізгі кезеңдері, ядролық сынақтарды жүргізудің ерекшеліктері, көрнекті физик-экспериментатор Игорь Курчатовтың және бірқатар көрнекті ядрошыл физиктердің өмірі мен қызметі баяндалатын отандық тарихтың ең даулы да айқын беттерінің бірімен танысу күтеді.

Экспозициялық залда түрлі өлшеу аспаптары, 50-ші жылдардағы есептердің түпнұсқалары, макеттер, ядролық полигон болған кезеңдегі фотосуреттер ұсынылған.

Экскурсия кестесі:

  • 10:00 – 11:00 — қазақ тілінде
  • 11:00 – 12:00 — орыс тілінде
  • 15:00 – 16:00 — ағылшын тілінде

Маңызды:

Барлық келем деушілер:

  • 2025 жылғы 15 тамызға дейін — шетел азаматтары,
  • 2025 жылғы 20 тамызға дейін — ҚР азаматтары

өтінім беруі қажет. Өтінімде аты-жөні, келуге қолайлы уақыты көрсетіліп, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса ұсынылуы тиіс (Ұлттық ядролық орталықтың аумағына кіруге рұқсаттама ресімдеу үшін).

Электрондық пошта: Zhanbyrbaeva@nnc.kz
Анықтамалар телефоны: 8 (72251) 3-34-13 (ішкі 211)