2025 жылғы 26-30 мамыр аралығында Гурнес қ. Грекияның Теңізді зерттеу орталығында (Hellenic Centre for Marine Research) халықаралық RAP 2025 конференциясы (Radiation application 2025) өтуде. Конференцияға әлемнің 40 елінен (Израиль, Польша, Қазақстан, Армения, Жапония, Сербия, Германия, Франция және т.б.) ғалымдар мен мамандар қатысады. Конференция бағыттары физика, химия, биология, медицина ғылымдары, инженерия және қоршаған орта ғылымдарының әртүрлі салаларын қамтиды.
ҚР Ұлттық ядролық орталығы қызметкерлерінің баяндамаларына органикалық-байланысты тритийдің радиоэкологиялық қауіптілігін, ядролық-отын циклі объектілерін мониторингілеу кезіндегі өсімдік жамылғысындағы жасанды радионуклидтердің құрамын зерттеу нәтижелері кіреді. Сонымен қатар, Қазақстанда уран кеніштерін игерудің салдарын және Семей сынақ полигонының аумағын мекендейтін ірі тұяқты жануарлар үшін радиоэкологиялық қатерді бағалау жөніндегі жұмыстардың нәтижелері ұсынылды.