Изотоптық гидрология бойынша оқу курсы

2025 жылғы 26-30 мамыр аралығында Душанбе қаласында (Тәжікстан) «Тәжікстан Ұлттық ғылым академиясының химиялық, биологиялық, радиациялық және ядролық қауіпсіздік жөніндегі агенттігі» базасында RER7017 – «Өзгермелі климат жағдайында су ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз ету» жобасы шеңберінде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АТЭХАГ) ұйымдастырған изотоптық гидрология бойынша оқу курсы өтуде. Бұл маңызды білім беру іс-шарасына ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының мониторингілеу және экологиялық-аналитикалық зерттеулер бөлімінің қызметкерлері: эксперименттік және экологиялық зерттеулер зертханасының бастығы А.С. Мамырбаева және эксперименттік зерттеулер тобының инженері А.М. Надева қатысуда. Курс гидрологияда изотоптық әдістерді қолданудың өзекті мәселелеріне арналған, бұл су ресурстарын зерттеу, олардың шығу тегін, қозғалысын және қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін бағалау үшін үлкен маңызға ие. Алынған білім мен практикалық дағдылар біздің мамандарға гидрологиялық процестерді тереңірек түсінуге және зерттеу сапасын жақсартуға ықпал ете отырып, өз жұмысында озық изотоптық әдістерді қолдануға мүмкіндік береді.