АРТҚА БІРІНШІ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМАҒА
«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК жас ғалымдары мен мамандарының ҒЗТКЖ ХХIV конференция-конкурсы
2025 жылғы 21-23 мамыр
Курчатов қ., Абай облысы, Қазақстан Республикасы
Жалпы ақпарат
Қабылданған жұмыстардың жалпы саны – 34, оның ішінде:
- Конкурсқа – 26 (инженерлік-техникалық – 10, қолданбалы – 16): АЭИ – 13, РҚЭИ – 6, Қазатомөнеркәсіп – 4, ГЗИ – 2, ЯФИ – 1;
- Конкурстан тыс – 8 (іргелі – 3, инженерлік-техникалық – 1; қолданбалы – 4): «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ – 7; «С. Аманжолов атындағы ШҚУ» КЕАҚ – 1.
Конкурсқа қатысушылардың сөз сөйлеу регламенті (сұрақ-жауапты ескергенде) – 20 мин.
Конференция-конкурстың жұмыс тілі – қазақ және орыс тілі.
Конференцияның жұмыс кестесі
- 21 мамыр, сәрсенбі – тіркеу, конкурстың ашылуы, конкурсанттардың баяндамалары
- 22 мамыр, бейсенбі – конкурсанттардың баяндамалары
- 23 мамыр, жұма – конкурстың аяқталуы, қорытындылау, техникалық турлар
Маңызды мерзім
23 маусым, дүйсенбі – «ҚР ҰЯО жаршысы» журналында жариялауға ұсынылған мақалаларды қабылдау (журнал талаптарына сәйкес)
Жеңімпаздарды анықтау өлшемшарттары
Жеңімпаздар келесі өлшемшарттардың әрқайсысы бойынша 5 балдық жүйе бойынша анықталады:
- өзектілігі;
- практикалық құндылығы (жұмыста сөзге тиек етілген проблема үшін маңыздылығы);
- ғылыми және инженерлік деңгей, өзіндік ерекшелігі, жаңа нәтижесі;
- жұмыстың аяқталу дәрежесі;
- конкурсанттың жеке үлесі;
- материалды мазмұндау стилі мен меңгеру деңгейі.
Бағыттардың ерекшелігін ескере отырып бағалаудың қосымша өлшемшарттары:
- іргелі – жарияланым деңгейі;
- инженерлік-техникалық – техникалық шешімдерді бағалау;
- қолданбалы – бәсекеге қабілеттілігі.
Жұмыстың ең жоғарғы бағасы – 35 балл (өлшемшартты ескергенде). Жеңімпаз қазылар алқасының барлық мүшесі қойған ұпайларды қосу нәтижесінде алынған ең жоғары балл саны бойынша анықталады.
Сыйлықақы мен номинацияның көлемі мен саны
Жүлделі орындар саны мен ақшалай сыйақы көлемі: 290 АЕК
- бір бірінші сыйлықақы – 55 АЕК;
- екі екінші сыйлықақы – 35 АЕК-тен;
- үш үшінші сыйлықақы – 27 АЕК-тен;
- төрт көтермелеу сыйақысы – 18 АЕК-тен, келесі номинациялар бойынша:
- үздік оратор;
- үздік безендірілген жұмыс;
- өзіндік ерекшелігі бар жұмыс;
- белсенді қатысушы;
- инновациялық жұмыс үшін бір сыйлықақы – 12 АЕК.
Әрбір конкурсант конференция-конкурсқа қатысушының сертификатын алады. Жүлделі орынға ие болған қатысушылар дипломдармен марапатталады.
Барлық қатысушы өз баяндамасының презентациясын дайындап, 2025 жылғы 15 мамырдан кешіктірмей ppt/pptx немесе pdf форматында budanova@nnc.kz поштасына жіберуі тиіс.
Қазылар алқасы
Төраға:
Витюк Владимир Анатольевич, PhD, ҚР ҰЯО РМК бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары.
Төрағаның орынбасары:
Сқақов Мәжін Қанапияұлы, ф.-м.ғ.д., профессор, ҚР ҰЯО РМК бас ғылыми қызметкері.
Қазылар алқасының хатшысы:
Баранов Сергей Александрович, б.ғ.к., ҚР ҰЯО РМК бюджеттік бағдарламалар және кадр даярлау бөлімінің бас маманы.
Қазылар алқасының мүшелері:
- Айдарханова Альмира Құрманқызы – ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының мониторинг және экологиялық-талдамалық зерттеулер бөлімінің бастығы;
- Кенжина Лаура Болатқазықызы – м.ғ.к., қауымдастырылған профессор, ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының радиоэкологиялық және биодозиметриялық зерттеулер бөлімінің биодозиметриялық зерттеулер зертханасының бастығы;
- Сапатаев Ержан Ернатұлы – PhD, ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының радиациялық материалтану зертханасының бастығы;
- Өмірғали Арманбек Қасымұлы – PhD, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Ғылым, СМ және ЖСМ департаментінің директоры;
- Игібаев Ұлан Аманұлы – ҚР ҰЯО РМК ГЗИ филиалының ғалым хатшысы;
- Өзбеков Абылай Нұрсәрсенұлы – PhD, ҚР ҰЯО РМК ГЗИ филиалының Арнайы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығының аға ғылыми қызметкері;
- Жолдыбаев Тимур Қадіржанұлы – ф.-м.ғ.к., қауымдастырылған профессор, ЯФИ РМК ядролық физика бөлімінің бастығы;
- Мұхамедов Нұржан Еролұлы;
- Кривицкий Павел Евгеньевич – PhD, қауымдастырылған профессор, ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының реактор құрылғыларын әзірлеу және сынау бөлімінің бастығы;
ХХIV конференциясының жұмыс бағдарламасы
2025 жылғы 21 мамыр, сәрсенбі
Уақыты | Ұйым / Т.А.Ә. / Конкурстық жұмыстың тақырыбы / бағыты |
---|---|
10.00 – 10.10 | АШЫЛУЫ |
ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР | |
10.10 – 10.30 | ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалы Жанболатов Олжас Мұратбекұлы ИГР реакторын төмен байытылған отынға конверсиялау мүмкіндігін есептік негіздеу (инженерлік-техникалық) |
10.30 – 10.50 | ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалы Ноқанова Әмина Досанқызы СРҚ-ны ақпайтын күйге ауыстыру үшін материалдардың сорбциялық сипаттамаларын анықтау (инженерлік-техникалық) |
10.50 – 11.10 | ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалы Кәкімова Гүлайым Ғалымжанқызы APR-1400 реакторының нейтрондық-физикалық моделін әзірлеу және верификациялау (инженерлік-техникалық) |
11.10 – 11.30 | КОФЕ-БРЕЙК |
11.30 – 11.50 | ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалы Қабдылқақов Ержан Асқарұлы Реакторлық эксперимент жағдайында сәулелендіру құрылғысында натрийдің қайнауын модельдеу (инженерлік-техникалық) |
11.50 – 12.10 | ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалы Жеңіс Құлан Жүктеме эквивалентіне қосымша ЖЖ-қыздыру жүйесінің жұмыс режимдерін зерттеу (инженерлік-техникалық) |
12.10 – 12.30 | ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалы Қайырбекова Әсел Жанарбекқызы Лангмюрдің үштік зонды негізінде плазма параметрлерін есептеу алгоритмін әзірлеу (инженерлік-техникалық) |
12.30 – 14.00 | ТҮСКІ ҮЗІЛІС |
14.00 – 14.20 | «Үлбі металлургия зауыты» АҚ Сәттібеков Азизхан Нұртайұлы Ірі габаритті дайындамаларды қалыптастыру кезінде ПТБ-56 бериллий ұнтағының бөлшектерін төсеу сипаттамаларына дірілді тығыздау режимдерінің әсерін анықтау (инженерлік-техникалық) |
14.20 – 14.40 | ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалы Секен Дархан Мұқаметтоқтарұлы ВВЭР-1000 реактор қондырғысындағы отынның жануын есептеу (инженерлік-техникалық) |
14.40 – 15.00 | ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы Бачурина Ирина Анатольевна Халық шаруашылығы айналымына беру жоспарланып отырған учаскелерде орналасқан бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағының жер ресурстары мен су объектілерін тұрақты басқару жөніндегі web-қосымшаны әзірлеу (инженерлік-техникалық) |
15.00 – 15.20 | «Жоғары технологиялар институты» ЖШС Тоқтарұлы Бақытжан Сілтісіздендіру ерітіндісін оттегімен қанықтырудың уранды жерасты сілтісіздендіру тиімділігіне әсері (инженерлік-техникалық) |
ҚОЛДАНБАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР | |
15.20 – 15.40 | ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы Жамалдинова Құралай Тасболатқызы Сұйық сцинтилляциялық спектрометрияны қолдана отырып, судағы радонды анықтау (қолданбалы) |
15.40 – 16.00 | КОФЕ-БРЕЙК |
16.00 – 16.20 | ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалы Сапарбек Эльдана ИВГ.1М реакторында сәулелендіру жағдайында тритий мен гелийдің генерациялануын және қалайы-литий қорытпасынан шығуын зерттеу (қолданбалы) |
16.20 – 16.40 | «Жоғары технологиялар институты» ЖШС Сейтхан Сейтәлі Сейтқасымұлы Ванадий өндірісінің қаныққан сорбентінің десорбция және денитрация процестерін зерттеу (қолданбалы) |
16.40 – 17.00 | ҚР ҰЯО РМК ГЗИ филиалы Исағали Әсем Айдарқызы Батыс Қазақстанның жер сілкінісі каталогын – сейсмикалық қауіпті бағалаудың ақпараттық негізін жасау мәселелері (қолданбалы) |
17.00 – 17.20 | ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы Қожабекова Альнура Русланқызы Су объектілерінің радиоактивті ластануына қатысты балықтардың биоиндикациялық қасиеттерін бағалау (қолданбалы) |
17.20 – 17.40 | ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалы Оспанова Жанна Нұрболатқызы Аl-мен легирленген Mg негізіндегі сутегін сақтауға арналған материалдың құрылымдық-фазалық күйі (қолданбалы) |
17.40 – 18.00 | ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы Сәрсенова Айдана Асқатқызы Қазақстан Республикасының орман экожүйелерінің топырағында радиокөміртегінің таралуын зерттеу (қолданбалы) |
2025 жылғы 22 мамыр, бейсенбі
Уақыты | Ұйым / Т.А.Ә. / Конкурстық жұмыстың тақырыбы / бағыты |
---|---|
09.00 – 09.20 | ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалы Ағатанова Алина Арманқызы АЖЖ-разрядтағы метан пиролиз реакциясының қатты өнімдерінің құрылымдық сипаттамаларын зерттеу (қолданбалы) |
09.20 – 09.40 | ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалы Жақия Риза Ерафилқызы Пантан-никель металлгидридтерінің құрылымдық қасиеттерін өзгертудегі титанның рөлі (қолданбалы) |
09.40 – 10.00 | ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы Ермакова Рината Геннадьевна ССП аумағының радиоактивті ластанған суларын табиғаты әртүрлі сорбенттермен сорбциялық тазарту (қолданбалы) |
10.00 – 10.20 | ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалы Дүйсен Айдос Жақсыбайұлы Плазмалық разряд кезінде КТМ токамагының вакуумдық камерасының бірінші қабырғасының беткі температурасын өлшеу (қолданбалы) |
10.20 – 10.40 | КОФЕ-БРЕЙК |
10.40 – 11.00 | ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалы Сабыртаева Айсара Асхатқызы Дисперсия кезінде Мg-Ni-Се жүйесіндегі құрылымдық-фазалық өзгерістер (қолданбалы) |
11.00 – 11.20 | ҚР ҰЯО РМК ГЗИ филиалы Шоқпарбай Арай Ерденқызы Мұздықтағы жер сілкінісін бақылаудың көп параметрлі жүйесі (қолданбалы) |
11.20 – 11.40 | ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы Надеева Анастасия Михайловна Жер үсті және жер асты суларындағы изотоптық арақатынастарды талдау негізінде атмосфералық жауын-шашынның су ресурстарының сапасына әсерін бағалау (қолданбалы) |
11.40 – 12.00 | «Үлбі металлургия зауыты» АҚ Алдажаров Тимур Мұратұлы «ҮМЗ» АҚ-да металл сынықтарын дезактивациялау үшін ультрадыбысты қолдану (қолданбалы) |
12.00 – 12.20 | «Ядролық физика институты» РМК Ашибаев Арыстан Шыңғысұлы ВВР-К реакторында Mo-99 өндіруге арналған сәулелендіру капсуласының жылу-физикалық моделін әзірлеу және талдау (қолданбалы) |
12.30 – 14.00 | ТҮСКІ ҮЗІЛІС |
КОНКУРСТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР | |
ІРГЕЛІ ЗЕРТТЕУЛЕР | |
14.00 – 14.20 | «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ Құрманғалиев Ринат Хамитұлы Болатты электролиттік-плазмалық өңдеу жағдайында плазмалық разрядты қалыптастыру кезіндегі электрофизикалық және жылу процестері (іргелі) |
14.20 – 14.40 | «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ Жасұлан Айнұр Жасұланқызы Микродоғалық тотықтыру әдісімен алынған титан қорытпаларындағы функционалдық кальций-фосфат жабындарының цитоуыттылығы (іргелі) |
14.40 – 15.00 | «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ Байжан Дарын Рашитұлы Медициналық мақсаттағы физика-механикалық қасиеті жақсартылған наноқұрылымды титан алу үшін қарқынды пластикалық деформацияны қолдану (іргелі) |
ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР | |
15.00 – 15.20 | «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ Найманқұмарұлы Ерасыл Беттік-плазмалық өзара әрекеттесуді зерттеуге ארналған имитациялық желі қондырғысы (инженерлік-техникалық) |
ҚОЛДАНБАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР | |
15.20 – 15.40 | «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ Қадырболат Нұрлат Ерболұлы Электролиттік-плазмалық шынықтыру процесі кезінде конструкциялық болат 45-тің механикалық және трибологиялық қасиеттерінің өзгеруі (қолданбалы) |
15.40 – 16.00 | КОФЕ-БРЕЙК |
16.00 – 16.20 | «С. Аманжолов атындағы ШҚУ» КЕАҚ Райсов Нұрмаханбет Саятұлы Никель негізіндегі өздігінен флюстелетін қорытпаларды газ жалынымен бүркудің оңтайлы параметрлерін әзірлеу (қолданбалы) |
16.20 – 16.40 | «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ Мәуліт Алмасбек Электролиттік-плазмалық нитроцементтеу кезіндегі электроразрядтық құбылыс процестерін зерттеу (қолданбалы) |
16.40 – 17.00 | «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ Құсайынов Ринат Кенжеұлы Электролиттік-плазмалық қатайту кезіндегі 20ГЛ болаттағы жылу процестерін теориялық талдау (қолданбалы) |
2025 жылғы 23 мамыр, жұма
Уақыты | Күн жоспары |
---|---|
09.00 – 11.00 | Қазылар алқасының конкурс қорытындысын шығару жұмысы |
10.00 – 12.30 | ҚР ҰЯО РМК объектілеріне экскурсиялық турлар |
12.30 – 14.00 | ТҮСКІ ҮЗІЛІС |
16.00 – 17.00 | ҚР ҰЯО РМК ЖАС ҒАЛЫМДАРЫ МЕН МАМАНДАРЫНЫҢ ҒЗТКЖ ХХIV КОНФЕРЕНЦИЯ-КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ, МАРАПАТТАУ, ЖАБУ |