«Ломоносов – 2025» ХХ Халықаралық ғылыми конференциясы
11.04.2025

2025 жылғы 11-12 сәуір аралығында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ломоносов – 2025» студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың XX Халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
«Қазақстан Республикасының өңірлері мен қалаларын дамытудың геоэкологиялық мәселелері» секциясы шеңберінде ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының жас мамандары «Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту» және «Ғылымды дамыту» бюджеттік бағдарламалары шеңберінде орындалған өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды. А.А. Сәрсенова «Бесқарағай ауданының ормандарының топырақ бейініндегі радиокөміртекті зерттеу» тақырыбында баяндама жасады, А.М. Надеева «Бұрынғы Семей полигонының «Дегелең» алаңындағы жерасты ядролық сынақтары жүргізілген аймақта судың түзілу жағдайларын изотоптық-гидрологиялық зерттеу» жұмысын ұсынды, ал А.Б. Муликова «Бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағындағы тұрғындар пайдаланатын су объектілеріндегі судың сапасын кешенді зерттеу» туралы баяндады.
«Ломоносов – 2025» конференциясына қатысу ҚР ҰЯО РМК жас ғалымдарына өз зерттеулерінің нәтижелерін кең аудиторияға ұсынып қана қоймай, түрлі ғылыми мекемелердегі әріптестермен жаңа байланыстар орнатуға мүмкіндік берді. Алынған білім мен тәжірибе әрі қарайғы зерттеулерде пайдаланылатын болады.