ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалындағы аналитикалық жабдыққа техникалық қызмет көрсету

ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының «Приборы Казахстан» ЖШС-мен көпжылдық ынтымақтастығы шеңберінде 2025 жылғы 07-11 сәуір аралығында ORTEC, Perkin Elmer және HIDEX фирмаларының спектрометриялық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету жүргізілді. Сапар барысында гамма-, альфа – және бета-спектрометриялық жабдықтарды диагностикалау және калибрлеу бойынша жұмыстар орындалды, сондай-ақ мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту және оңтайландыру жүргізілді. Барлық іс-шаралар өндірушілердің техникалық регламенттері мен ұсынымдарына қатаң сәйкестікте өткізілді. Жұмыс жүргізілген жабдық институтта қоршаған орта объектілерінің сынамаларын дайындау және радиоактивтілігін талдау үшін қолданылады. Қызмет көрсету қорытындысы бойынша сервистік инженер жабдықты ары қарай пайдалану, сондай-ақ оның тұрақты және сенімді жұмысын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар берді.