ҚР ҰЯО РҚЭИ қызметкерлерінің Беларусь мемлекеттік университетіне сапары

2025 жылғы 22-27 мамыр аралығында ғылыми-техникалық қызмет аясында ҚР ҰЯО РҚЭИ қызметкерлері Л.В. Тимонова мен Т.Ю. Богатырева Беларусь мемлекеттік университетінің А.Д. Сахаров атындағы Халықаралық мемлекеттік экологиялық институтына, Беларусь, Минск қаласына сапармен барды. Сапар барысында «2025 жылғы Сахаров оқулары: ХХІ ғасырдың экологиялық мәселелері» атты 25-ші мерейтойлық халықаралық ғылыми конференцияға қатысты. «Радиоэкология және радиациялық биология, ядролық және медициналық технологиялар» секциясында қызметкерлер «Семей сынақ полигоны аумағындағы қоршаған орта объектілерінде тритийдің қайта бөлінуі» және «Бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағындағы су ортасының ағымдағы жай-күйін бағалау» ауызша баяндамаларын ұсынды. Сапар аяғында қызметкерлер қоршаған орта объектілерінде табиғи және жасанды радионуклидтерді анықтау саласында тәжірибе алмасу бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.