«Қазақстанның ядролық әлеуеті» XXI жастар семинары

08 желтоқсанда Астанада жыл сайын «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығы ұйымдастыратын «Қазақстанның ядролық әлеуеті» XXI жастар семинары өтті, бұл іс-шарада саланың жас мамандары өздерінің ғылыми баяндамаларын ұсынып, ядролық технологияларды дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Бағдарламаның екінші бөлімі Career Lab – мансаптық мақсаттармен, дағдылармен және даму стратегияларымен жұмыс істеуге арналды. Іс-шара кәсіби қарым-қатынас пен құзыреттілікті кеңейту үшін пайдалы алаңға айналды.

09 желтоқсанда семинарға қатысушылар «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығы «Атом саласының әйелдер бірлестігі» әйелдер бастамаларын қолдау және дамыту қорымен бірлесіп өткізетін Өнеркәсіп пен технологиядағы әйелдердің II халықаралық конгресіне тыңдаушы ретінде шақырылды. Бұл екі елдің, Ресей мен Қазақстанның әйелдер қауымдастығының атом саласындағы ынтымақтастықты, кәсіби құзыреттілікті дамытуды және бірлескен бастамаларды іске асыруды талқылауға мүмкіндігі бар маңызды алаң. Әйелдердің ғылым мен өнеркәсіптегі рөлінің маңыздылығын көрсететін өте шабыттандыратын оқиға болды. РҚЭИ филиалынан аталған іс-шараларға РБЗБ физика-химиялық зерттеулер зертханасының инженері Т.К. Мусатаева қатысуда.