«Радиациялық экология және медицина» секциясы жұмысының алғашқы күнінде жақын және алыс шетелдің 8 елінен (Греция, Беларусь, Венгрия, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Польша, Түркия) радиобиология және радиациялық медицина саласындағы 70-тен астам маман қатысты.

Секция бұрынғы конференциялардың дәстүрлері мен жоспарларын жалғастырды. Негізгі нәтиже ғылыми идеяларды апробациялау және әртүрлі ғылыми, білім беру, өндірістік, оқу және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, жас ғалым-зерттеушілердің диалогына арналған ортақ ғылыми кеңістік құру, сондай-ақ өзекті тақырып бойынша ғылыми және ғылыми-практикалық тәжірибемен алмасу болды.
Барлығы 43 баяндама ұсынылды (26 ауызша, 17 стенділік).
