Алтай мемлекеттік аграрлық университетімен өзара әрекеттестік
21.02.2018
2018 жылғы 15 және 16 ақпанда РФ Барнаул қаласындағы Алтай мемлекеттік аграрлық университетінде «Табиғатты ұтымды пайдалану, экология, жерлерді мониторингілеу және кадастрлық бағалау мәселелері» дөңгелек үстелі жүргізілді, ол Алтай мемлекеттік аграрлық университетінің 75-жылдығына арналған XIII халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның шеңберінде өткізілген болатын. Ұйымдастырушылардың шақыруы бойынша аталған іс-шараға біздің Иниституттың мамандары Сальменбаев Саян мен Мухамедияров Нурлан қатысты, олар «Семей полигонының радиоактивті зақымданған топырақтарынан самарий изотоптарының құрамын анықтау әдісі» және «Ұзынбұлақ бұлағының сулары мен түптік шөгінділерінің химиялық құрамы» тақырыптары бойынша ауызша баяндамаларын ұсынды. Отырыстың қорытындылау бөлігінде семинар-дөңгелек үстелдің жетекшісі Л.А. Беховых Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының жас мамандары командасы ұсынған жұмыстың жоғары деңгейін атап өтті.
Институт мамандарының Университетпен қатынасы 2015 жылы басталған болатын және жыл сайын байланыс күшейе түсуде. Қазіргі уақытта аталған оқу орнының аспирантурасында, магистратурасында және бакалавриатында15 адам оқып жатыр. 2017 жылы Институттың екі маманы Университеттің магистратурасын «Табиғатты реттеу және су пайдалану» бағыты бойынша қызыл дипломмен аяқтады. Біздің жас мамандар Алтай университеті ұйымдастырған конференецияларға бірнеше рет қатысып, барлығында өздерінің дайындықтарының жоғары деңгейде екенімен көзге түскен.