Posted: 26.11.2024
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 19.11.2024 жылғы №1081 бұйрығымен ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалындағы биодозиметриялық зерттеулер зертханасының бастығы Лаура Болатказыевна Кенжинаға, 30300 – денсаулық туралы ғылымның ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді. Лаура Болатказыевна 25 жыл бойында кәсіби тәжірибе жинақтап, […]
Posted: 04.02.2022
Қазақстан Республикасында жеңіл су реакторын енгізу үшін Адами ресурстарды дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде 2022 жылғы 02-28 ақпан аралығында Жапон атом энергетикалық компаниясы «Ядролық энергетика бойынша кіріспе курс» онлайн тренингін өткізеді. Тренингте Қазақстан Республикасының АЭС қажеттілігі, Қазақстандағы бастапқы/қайталама энергияның ағымдағы жағдайы, атом энергиясын көп мақсатты пайдалануға қатысты бірқатар елдердегі тәсілдер мен проблемалар, ядролық энергетиканың […]
Posted: 16.05.2018
ҚР Ұлттық ядролық орталығы жас мамандарының ғылыми жұмыстары конкурсын жыл сайын өткізу жақсы дәстүрге айналды. Конкурстың іргелі, қолданбалы, инженерлік-техникалық бағыттарында марапаттаулар алуға қатысушылардың қызығушылықтары жылдан жылға артып келеді. 16-18 мамыр аралығында конференцияға тек ҚР Ұлттық ядролық орталығынан ғана емес, Ядролық физика институтынан, Геофизикалық зерттеулер институтынан, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ […]
Posted: 26.03.2018
1 наурызда ХҒТО-ның қосалқы мердігері ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы болып табылатын «Семей сынақ полигонындағы жалпы экологиялық жағдайды қалыптастыруға химиялық токсиканттардың әсерін зерттеу» жобасы бастау алды. Аталған жоба Астана қаласында Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың бас офисінің ашылуы кезінен бастап Қазақстанда жүзеге асырылатын бірінші жобалардың бірі болып табылады. Оның мақсаты – Семей сынақ […]
Posted: 30.06.2020
Радионуклидтік талдау радиациялық қауіпсіздік жүйесінің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Алайда зерттеліп жатқан материалдың радионуклидтік құрамын сапалы анықтау СТАНДАРТТЫ ҮЛГІЛЕРСІЗ мүмкін емес, олар спектрометриялық жабдықтарды калибровкалау үшін, сол сияқты сапаны бақылау мақсатында да пайдаланылады. ҚР ҰЯО «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының базасында «Стандартты үлгілерді әзірлеу және аттестаттау уческесін құру» жобасын коммерциялау шеңберінде «Ғылым қоры» […]
Posted: 10.11.2023
«Шығыс Қазақстанның тау-кен аудандарының геожүйелерін трансформациялау көрсеткіші ретінде шағын өзендерді экологиялық бағалау» AP19576259 ЖТН жобасын іске асыру шеңберінде МЭАЗБ элементтік талдау зертханасының инженерлері В.В. Колбин және Е.З. Шакенов 2023 жылғы 30 қазаннан 2023 жылғы 03 қарашаға дейін «Росатом техникалық академиясы» ҚКБ АКҰ-да (Обнинск қ., Ресей) өткен «Индуктивті байланысқан плазмамен масс-спектрометрия әдісін практикалық қолдану негіздері» біліктілікті […]
Posted: 11.11.2024
2024 жылғы 7-8 қараша аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Цифрлық шынайылық: Картография, ГАЖ және ЖҚЗ-дағы жаңа сұраныстар» атты бірінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының өкілі М.Т. Абишева баяндама жасады. «Жерді мониторингілеу кезінде қашықтықтан зондтау деректерін кешенді талдау (бұрынғы Семей сынақ полигонының мысалында)» атты баяндамасында ол жер […]
Posted: 03.11.2017
Сиднейде Ядролық ғылымдар және технологиялар жөніндегі Австралия ұйымында 23-27 қазан аралығында Азиядағы Ядролық серіктестік форумы шеңберінде (FNCA) «Ядролық және изотоптық технологияларды пайдалана отырып, климаттық өзгерістерді зерттеу» кеңесі өтті, оған Қазақстаннан РҚЭИ филиалы директорының қолданбалы зерттеулер жөніндегі орынбасары – Асан Айдарханов қатысты. Аталған іс-шараға Бангладеш, Қытай, Индонезия, Жапония, Малайзия, Моңғолия, Филиппин және Таиланд елдері де қатысты. […]