«Семей сынақ полигоны: мұра және ғылыми-техникалық әлеуеттің даму келешегі» VIII Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясы
19.09.2018
2018 жылдың 11 және 13 қыркүйегі аралығында «Ұлттық ядролық орталық» РМК базасында «Семей сынақ полигоны: мұра және ғылыми-техникалық әлеуеттің даму келешегі» VIII Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференция екі атаулы оқиғаға арналды: «Атом энергиясы институты» филиалының 60-жылдығы және «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының 25-жылдығы. Конференция тақырыбы екі бағытты қамтыды: Радиациялық экология мен медицина және Зерттеу ядролық қондырғылары: даму келешектері мен заманауи үрдістері.
Аталған іс-шара жұмысына Ресей, Жапония, Франция, Беларусь, Қытай, Украина, Германия, Чехия, Венгрия және т.б. сияқты әлемнің 10 аса елдерінің шамамен 100 ғалымдары мен мамандары қатысты. Пленарлық және секциялық отырыстарда 150 астам баяндама ұсынылды.
Радиациялық қаупсіздік және экология институтының қызметкерлері «Радиациялық экология және медицина» секциясын ұйымдастыруға және жұмысына қатысты, онда 69 баяндама ұсынылды (30-ы ауызша, 35 стенділік) және радиоэкология мәселелеріне қатысты 4 баяндама пленарлық отырыста ұсынылды.
Қорытындылар шығаруға және Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының 25-жылдығына байланысты оның негізгі тақырыптарын дамыту жоспарына ерекше көңіл бөлінді. Филиалдың жетекші қызметкерлері негізгі нәтижелерді көрсететін баяндамалар ұсынды: қоршаған ортаны радиациялық мониторингілеу, биологиялық бағыттағы зерттеулер, зертханалық және далалық жұмыстар, биодозиметрия саласындағы заманауи технологиялар мен әдістерді әзірлеу және енгізу. Әдеттегідей секция жұмысына конференция қонақтары – Юлих (Германия) Зерттеу орталығының ғалымдары белсене қатысты.
Жалпы секцияның барлық қатысушылары мен олардың сөз сөйлеулерінің жоғары ғылыми деңгейлері аталып өтілді.
Конференция жұмыстары кезінде ССП тарихы мұражайының есіктері барлық қонақтар мен келушілерге ашық болды, қызығушылық танытқандарды зертханалық корпустар да қарсы алды. Конференция қатысушылары үшін «Тәжірибе даласы» мен «Атом» көліне жол жүру экскурсиялары ұйымдастырылды.