Posted: 23.01.2024
2020-2023 жылдар аралығында «Ғылым бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін» бағдарламасы шеңберінде ҚР ҰЯО Радиациялық қауіпсіздік және экология институты филиалы «Радиологиялық авариялық жағдайларда сұрыптаудың жаңа биологиялық және физикалық әдістері» (BioPhyMeTRE) NATO № SPS985684 халықаралық ғылыми гранттық жобасын іске асырды.
Posted: 30.06.2020
Радионуклидтік талдау радиациялық қауіпсіздік жүйесінің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Алайда зерттеліп жатқан материалдың радионуклидтік құрамын сапалы анықтау СТАНДАРТТЫ ҮЛГІЛЕРСІЗ мүмкін емес, олар спектрометриялық жабдықтарды калибровкалау үшін, сол сияқты сапаны бақылау мақсатында да пайдаланылады. ҚР ҰЯО «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының базасында «Стандартты үлгілерді әзірлеу және аттестаттау уческесін құру» жобасын коммерциялау шеңберінде «Ғылым қоры» […]
Posted: 14.10.2019
2019 жылғы 07-11 қазан аралығында Сербия Республикасында (Белград қ.) «Мәдени мұра Нысандарын Рентгенді Визуалдау Технологиялары» тақырыбы бойынша оқыту курстары өтті. Курсты Атом Энергиясы жөніндегі Халықаралық агенттік ынтымақтастығымен Белградтағы «Винчи» Ядролық зерттеулер институты ұйымдастырды. Күн тәртібінде визуалдаудың заманауи техникаларын, сонымен қатар, түрлі аспаптық әдістерді («үлдірлік» рентгенографияны, сонымен қатар, заманауи цифрлық технологияны қолдану) қолдана отырып, бұзбай бақылау […]
Posted: 26.04.2023
Жапондық Атом Энергетикасы жөніндегі Агенттігінің (JAEA) келісімі бойынша «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (ҚР ҰЯО РМК) атом энергиясын бейбіт пайдалану саласында персоналды даярлау жөніндегі міндеттемелерін орындау мақсатында 2023 жылғы 17 және 21 сәуір аралығында кәсіпорын жұмыскерлерінің арасынан дәріскерлер мен нұсқаушыларды қамтыған «Ядролық және радиологиялық апаттарға дайындық» жыл сайынғы тренинг-курсы іштей форматта өтті. […]
Posted: 16.05.2018
ҚР Ұлттық ядролық орталығы жас мамандарының ғылыми жұмыстары конкурсын жыл сайын өткізу жақсы дәстүрге айналды. Конкурстың іргелі, қолданбалы, инженерлік-техникалық бағыттарында марапаттаулар алуға қатысушылардың қызығушылықтары жылдан жылға артып келеді. 16-18 мамыр аралығында конференцияға тек ҚР Ұлттық ядролық орталығынан ғана емес, Ядролық физика институтынан, Геофизикалық зерттеулер институтынан, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ […]
Posted: 10.02.2020
2020 жылғы 03-07 ақпан аралығында Австриядағы Веналық халықаралық орталықта Атом энергетикасы жөніндегі Халықаралық агенттіктің (АТЭХАГ) штаб-пәтерінде «Изотоптық гидрология» аналитикалық зертханалары өкілдерінің үйлестіру кездесуі өтті. Кездесуге изотоптық гидрология әдісін сәтті қолданушы әртүрлі 25 ұйымның өкілдері қатысты, олардың қатарында «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қызметкері мониторингілік зерттеулер зертханасының бастығы М.Р. […]
Posted: 06.09.2017
3-5 қыркүйек аралығында, Қазақстан Республикасына келулері шеңберінде, Чех Республикасының делегациясы Ұлттық ядролық орталыққа және «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалына келген еді, делегация құрамына ядролық энергетика саласында жұмыс істейтін ең беделді чех мемлекеттік және жеке мекемелер мен компаниялар өкілдері енген. Бұл Чехиядан ҰЯО келген бірінші ресми делегация еді. Қонақтар Семей Сынақ полигоны мұражайына келіп, қызықты […]