ҚР Ұлттық ядролық орталығында арнайы құрылым құралған болатын
10.06.2020
Семей сынақ полигоны (ССП) жерасты суларының радиациялық жай-күйін бағалау бойынша зерттеулер жүргізу үшін ҚР Ұлттық ядролық орталығында 2010 жылы ҚР ҰЯО РҚЭИ филиалының білікті мамандары – геологтар, гидрогеологтар, бұрғылау қондырғысының машинистерінен арнайы құрылым құралған болатын. Құрылымның техникалық қамтамасыз етілуі түрлі диаметрдегі 100 м дейінгі тереңдіктегі ұңғымаларды бұрғылауға, жерасты сулары мен керндерінен сынамаларды іріктеп алуға және зерттеу аймағындағы гидрогеологиялық және геологиялық сипаттамаларды анықтауға мүмкіндік береді.
2020 жылғы 5 маусымда ҚР ҰЯО РҚЭИ филиалы кешенді зерттеу шеңберінде «Тәжірибе даласы» алаңының ауданы мен ССП аумағының шығыс бөлігінде жұмыстарды бастады.