Posted: 23.01.2024
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының биодозиметриялық зерттеулер зертханасы цитогенетикалық зерттеулер тобының бастығы Минкенова Қырмызы Серікқызын кандидаттық диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз және қол жеткізген жетістіктерімен тоқтамай, өз қызметінде табысқа, жоғары жетістіктер мен марапаттарға талаптануға тілектеспіз!
Posted: 17.02.2021
2021 жылдың 15-19 ақпаны аралығында «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалында бейнеконференция форматында «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы дайындау. Радиациялық қорғаныс және қауіпсіздік» тақырыбында оқыту курстары жүріп жатыр. Оқушылар тобына ҚР ҰЯО РМК және оның филиалдарының, «DK Proekt» ЖШС мен «WHITE dent» ЖШС жұмыскерлері енеді. Барлығы 51 адам. Оқыту бағдарламасы ҚР радиациялық қауіпсіздікті […]
Posted: 08.11.2018
АТЭХАГ Техникалық ынтымақтастық жобаларын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 8 қарашасында ҚР Ұлттық ядролық орталығына АТЭХАГ Техникалық кооперациясы департаментінің өкілі Katherina Deufrains (Катерина Дюфрейнс) келді. Сапарының негізгі мақсаты АТЭХАГ ТЫ ұлттық жобаларын іске асыру мәселелері болып табылады, бүгінгі күнде олар бойынша Ұлттық ядролық орталығында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл «Реакторлық қондырғының ақпараттық – өлшеу жүйесін әзірлеу» […]
Posted: 11.10.2019
2019 жылғы 7-10 қазан аралығында ҚР Ұлттық ядролық орталығының Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының (ҚР ҰЯО РҚЭИ) қызметкері Оксана Ляхова Ядролық қауіпсіздік зерттеулері жөніндегі ассоциацияның (Жапония) төрағалығымен Азия елдері ядролық корпорация форумының (FNCA) шеңберінде Жапоняда Киото қ. өткен «Ядролық және изотоптық әдістерді пайдалана отыра климаттың өзгерісін зерттеу» тақырыбындағы семинарға қатысты. Аталған шараны қаржыландыруды Ядролық ғылымдар […]
Posted: 28.12.2022
2022 жылы 23-24 желтоқсан аралығында Семей қ. Alikhan Bokeikhan University «БІРГЕ! БІР ТОЛҚЫНДА!» облыстық алғашқы жастар форумы өтті. Форумның негізгі мақсаттары әлеуметті белсенді, дарынды жастарды анықтау, кәсіби және шығармашылық құзыреттерін жоғарылату, аймақты экономикалық, азаматтық және мәдени дамыту мүддесінде өзін өзі дамыту үшін білім, дағдыларды алу болды. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан […]
Posted: 11.03.2020
Қалыптасқан тәжірибе бойынша, біліктіліктерін жоғарылату курстарынан өткен ҚР ҰЯО «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қызметкерлері алған білімдерімен өз әріптестерімен бөлісіп отырады. Осы жолы да «Республикалық техникалық реттеу, стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі академия» ЖШС (Нұр-Сұлтан қ.) оқытудан өткен инженерлер А. Топорова мен Р. Ролланұлы 2020 жылғы 10 наурызда «Термолюминесцентті дозиметрлер мен радиациялық шығуларды өлшеулердің […]
Posted: 10.06.2020
Семей сынақ полигоны (ССП) жерасты суларының радиациялық жай-күйін бағалау бойынша зерттеулер жүргізу үшін ҚР Ұлттық ядролық орталығында 2010 жылы ҚР ҰЯО РҚЭИ филиалының білікті мамандары – геологтар, гидрогеологтар, бұрғылау қондырғысының машинистерінен арнайы құрылым құралған болатын. Құрылымның техникалық қамтамасыз етілуі түрлі диаметрдегі 100 м дейінгі тереңдіктегі ұңғымаларды бұрғылауға, жерасты сулары мен керндерінен сынамаларды іріктеп алуға және […]
Posted: 22.10.2022
ҚР Ұлттық ядролық орталығы биодозиметриялық зерттеулер зертханасының бастығы, медицина ғылымдарының кандидаты Кенжина Лаура Болатқазықызы тұлғасында НАТО-ның SPS 985684 жобасы аясында 2022 жылғы 9-15 қазан аралығында Португалияның Эшторил қаласында өткен Еуропалық радиациялық қорғау апталығының (ERPW 2022) жұмысына қатысты. Бұл радиациялық қорғаныс, биологиялық дозиметрия, төтенше жағдайларға дайындық және әрекет ету, сәулелену дозасын медициналық және кәсіби бақылау саласындағы […]