ҚР ҚЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қызметкерлері ядролық және радиациялық технологияларды ауыл шаруашылығында, тағам өнеркәсібінде, медицинада және адам қызметінің басқа да салаларында қолдану аясындағы бірлескен зерттеулердің келешегін талқылау жөніндегі жұмыс кездесуіне қатысты
18.02.2020
2020 жылғы 17 ақпанда ҚР ЭМ Ядролық технологиялар паркі базасында ҚР ҚЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қызметкерлері Л.Б. Кенжина мен Д.Б. Бияхметова ядролық және радиациялық технологияларды ауыл шаруашылығында, тағам өнеркәсібінде, медицинада және адам қызметінің басқа да салаларында қолдану аясындағы бірлескен зерттеулердің келешегін талқылау жөніндегі жұмыс кездесуіне қатысты. Қазақ Ұлттық Өсімдік қорғау және карантин институты (Алматы қ.), Павлодар Мемлекеттік Университеті (Павлодар қ.), Ядролық технологиялар паркі (Курчатов қ.) пікірталас қатысушылары болды.
Физикалық факторларды, атап, айтқанда, иондаушы сәулелендіруді қолдана отырып, жоғары технологиялық өндірістерді пайдалану физика, биология, медицина, химия және т.б. қосылыстарындағы пәнаралық іргелі зерттеулерде негізделеді. Сондықтан пікірталас сәулелендіру технологиясын қолданудың түрлі аспектілерін қозғады, оның ішінде: сәулеленудің әртүрлі түрлерінің микроағзаларға, ауру тудырушыларға, зиянкес-жәндіктерге, өсімдіктерге, жануарларға әсерін зерделеу жөніндегі іргелі зерттеулер; нормалау мәселелері; дозиметрия және радиациялық қауіпсіздік; сәулелендіруді ауылшаруашылық және тағам өнімдерінің әртүрлі түрлерін өңдеу кезінде пайдаланудың тиімділігі; қауіпсіздік және өнім сапасы; ауылшаруашылық және тағам өнімдерін өңдеу үшін әртүрлі физикалық әдістерді және аралас технологияларлы қолдану. Серіктестіктің қарастырылған мүмкіндіктері атом энергиясын бейбіт пайдалану мәселелеріндегі консенсусқа қол жеткізу және оқыту, білім алмасу, ғылым мен техниканың дамуына бағытталған ортақ мақсаттарға қол жеткізуге үлкен мүмкіндіктерді алуға көмектеседі.