Posted: 26.08.2020
2020 жылғы 10-13 тамыз аралығында Веспрем қаласында (Венгрия) VII.Terrestrial Radioisotopes in Environment International Conference on Environmental Protection (VII.TREICEP) Жер радиоизотоптарымен байланысты өзекті ғылыми мәселелерге арналған конференция өтті. Конференцияға Венгрия, Австрия, Литва, Жапония, Вьетнам, Марокко, Ресей, Қазақстан, Украина сияқты әлемнің 20 елінен ғалымдар мен мамандар қатысты. Қатысушылар онлайн форматта 73 баяндама ұсынды. VII.TREICEP конференциясына қатысушылардың баяндамаларында […]
Posted: 26.09.2019
«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК 2019 жылғы 20 қыркүйекте БҰҰ стипендиаттарын кезекті рет қабылдады. Қонақтар ҚР ҰЯО РМК қызметімен танысты. Семей сынақ поигоны мұражайында және «Тәжірибе даласы» сынақ алаңында болды. Жыл сайын БҰҰ стипендиаттары Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына келеді. Сапар барысында қонақтар Семей сынақ полигонының тарихымен танысып, «Тәжірибе даласы» сынақ алаңында болып қайтты. […]
Posted: 26.11.2024
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 19.11.2024 жылғы №1081 бұйрығымен ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалындағы биодозиметриялық зерттеулер зертханасының бастығы Лаура Болатказыевна Кенжинаға, 30300 – денсаулық туралы ғылымның ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді. Лаура Болатказыевна 25 жыл бойында кәсіби тәжірибе жинақтап, […]
Posted: 30.07.2024
«А.Д. Сахаров атындағы Халықаралық мемлекеттік экологиялық институты» БМ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум (1-бап) шеңберінде ағымдағы жылдың 22-26 шілдесі аралығында Беларусь Республикасынан делегация қабылданды. ҚР Ұлттық ядролық орталығына Ядролық және радиациялық қауіпсіздік кафедрасының қызметкерлері: профессор А.И. Киевицкая, доцент О.В. Гусакова және аға оқытушы Т.В. Дашкевич келді. Сапар бағдарламасына сәйкес, […]
Posted: 11.03.2020
Қалыптасқан тәжірибе бойынша, біліктіліктерін жоғарылату курстарынан өткен ҚР ҰЯО «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қызметкерлері алған білімдерімен өз әріптестерімен бөлісіп отырады. Осы жолы да «Республикалық техникалық реттеу, стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі академия» ЖШС (Нұр-Сұлтан қ.) оқытудан өткен инженерлер А. Топорова мен Р. Ролланұлы 2020 жылғы 10 наурызда «Термолюминесцентті дозиметрлер мен радиациялық шығуларды өлшеулердің […]
Posted: 24.04.2017
Конференция ұйымдастырушылары «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы ҚР ҰЯО РМК бас директоры Э.Г. Батырбековтың ҚР ҰЯО бойынша 02.02.2017 жылғы № 03-17/18 ішкі өкімін және оған 09.02.2017 ж. № 03-17/28 ішкі толықтыруды орындау үшін Курчатов қаласында ҚР […]
Posted: 13.11.2019
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында «Техникалық реттеу, стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі республикалық академия» ЖШС ұйымдастырған «Қатер менеджменті. ISO 31000» семинары жүріп жатыр, ол 2019 жылғы 12 қарашадан 14 қарашаға дейін жалғасады. Оқытуды Қазақстан Республикасы Техникалық реттеу және метрология Мемлекеттік жүйесінің сарапшы-аудиторы Н.А. Орлова жүргізеді. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қаупсіздік және экология институты» филиалынан семинарға зерттеу […]
Posted: 05.11.2019
Экскурсия барысында оқушылар өз қалаларының тарихы туралы, аса көрнекті физик-экспериментатор И.В. Курчатовтың өмірі және қызметі туралы, ядролық сынақтар және олардың зардаптары туралы көптеген қызықты мағлұматтарды біліп қайтты.
Posted: 10.02.2020
2020 жылғы 02-07 ақпан аралығында Жапонияда (Фукусима қ.) контрмераларды әзірлеп және қолдана отырып, Фукусима префектурасы аумағын ұзақ мерзімді радиациялық мониторингілеуге байланысты сұрақтарды талқылауға арналған Фукусима префектурасы өкілдерімен АТЭХАГ сарапшыларының 15-Миссия- Кездесуі өтті. Қазақстан Республикасынан миссия жұмысына АТЭХАГ сарапшысы ретінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қызметкері экожүйелерді кешенді зерттеу […]