RAD 2025

2025 жылғы 16-20 маусым аралығында Герцег-Нови қаласында (Черногория) 13-ші RAD 2025 халықаралық конференциясы (The 13th International Conference on Radiation, Natural Sciences, Medicine, Engineering, Technology and Ecology) өтеді. Іс-шараға Қазақстан, АҚШ, Жапония, Германия, Үндістан, Канада, Франция, Ұлыбритания және т.б. қоса алғанда, әлемнің 35-тен астам елінің ғалымдары мен мамандары қатысты. ҚР ҰЯО РМК қызметкерлері конференцияда Семей сынақ полигоны аумағындағы радиациялық жағдайды бағалауға, ядролық сынақ аймақтарындағы су айдындары мен Топырақтардың радионуклидтік ластануын зерттеуге, тамырлық жүйе және ауа ортасы арқылы өсімдіктерге НТО түсу жолдарын талдауға, сондай-ақ АЭС-тің табиғи экожүйелерге ықтимал әсерін бағалау әдістеріне арналған ғылыми жұмыстардың нәтижелерін ұсынады. Конференция қатысушыларға тәжірибе алмасуға, зерттеу нәтижелерін ұсынуға және радиациялық қауіпсіздіктің, қоршаған ортаны қорғаудың және заманауи технологияларды қолданудың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді.