Posted: 26.09.2019
«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК 2019 жылғы 20 қыркүйекте БҰҰ стипендиаттарын кезекті рет қабылдады. Қонақтар ҚР ҰЯО РМК қызметімен танысты. Семей сынақ поигоны мұражайында және «Тәжірибе даласы» сынақ алаңында болды. Жыл сайын БҰҰ стипендиаттары Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына келеді. Сапар барысында қонақтар Семей сынақ полигонының тарихымен танысып, «Тәжірибе даласы» сынақ алаңында болып қайтты. […]
Posted: 13.11.2019
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында «Техникалық реттеу, стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі республикалық академия» ЖШС ұйымдастырған «Қатер менеджменті. ISO 31000» семинары жүріп жатыр, ол 2019 жылғы 12 қарашадан 14 қарашаға дейін жалғасады. Оқытуды Қазақстан Республикасы Техникалық реттеу және метрология Мемлекеттік жүйесінің сарапшы-аудиторы Н.А. Орлова жүргізеді. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қаупсіздік және экология институты» филиалынан семинарға зерттеу […]
Posted: 20.06.2019
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы үшін келісімшарттық негізде өндірістік, дипломалды іс-тәжірибелерді ұйымдастыру дәстүрге айналған, айта кететіні, тек Қазақстанның оқу орындарынан ғана емес, студенттер ТМД елдерінен де келуде. Атап айтсақ, екінші жыл қатарынан Аналитикалық зерттеулер бөлімінде М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің химия факультеті радиохимия кафедрасының 5 курс студенттері іс-тәжірибеден өтеді. Биылғы […]
Posted: 14.06.2024
2024 жылғы 10-11 маусым аралығында Алматы қаласында Жапонияның атом энергетикасы агенттігінің (JAEA) Ядролық адам ресурстарын дамыту орталығының, Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мен Ядролық физика институтының ғылыми – техникалық ынтымақтастығының 30 жылдығына ұштастырылған Steering Committee Meeting – SCM2024 Басқарушы комитетінің отырысы өтті. JAEA ядролық адам ресурстарын дамыту орталығының делегациясын Yoshihiro Nakano директоры және Takehisa Ohkura […]
Posted: 12.07.2019
2019 жылғы 09-11 шілде аралығында Литвада (Вильнюс қаласы) радон карталарын әзірлеу және радонға ұшыраған аудандарды анықтау бойынша жұмыс кездесуі өтті, оған Ресей, Қазақстан, Польша, Беларусь, Украина, Португалия, Қырғызстан, Чехия, Болгария, Греция, Словакия, Венгрия, Босния мен Герцеговина, Эстония, Румыния, Сербия, Албания, Кипр мамандары қатысты. Жұмыс кездесуіне ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан радиациялық […]
Posted: 20.04.2018
2018 жылғы 19-20 сәуір аралығында Обнинск қаласында «МИФИ» (МИФИ ҰЗЯУ АТЭИ) Ұлттық зерттеу ядролық университеті филиалы – Атом энергетикасы институты базасында «Техногенді жүйелер және экологиялық қатер» ІІ Халықаралық (XV Аймақтық) ғылыми конференциясы өтті. Конференцияның пленарлық және секциялық отырыстарында радиоэкология, ядролық және жылу энергетикасы салаларындағы өзекті мәселелер қарастырылды. «Иондаушы емес және иондаушы сәулелену әрекеттерінің экологиялық аспектілері» […]
Posted: 16.10.2024
Бүгін Ұлттық ядролық орталықта жас ғалымдар мен мамандардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының XXIII конференция-конкурсы өз жұмысын бастады. Биылғы жылы конференция біздің кәсіпорынның бірінші бас директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Ғаділет Андиянович Батырбековтың туғанына 90 жыл толуына орайластырылды. Конференцияға Ұлттық ядролық орталықтың, Ядролық физика институтының, «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ, Shakarim University (Семей қ.) және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ […]