Posted: 09.02.2021
ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы «Бұрынғы Семей сынақ полигонының жерлерін шаруашылық пайдалануға беру жөніндегі жұмыстарды ғылыми-техникалық сүйемелдеу» KAZ9014 АТЭХАГ-пен техникалық ынтымақтастық жобасы шеңберінде Parr Instrument компаниясының 1121 оттегілік жану ыдысын пайдалануға алды. Ағымдағы жылдың ақпан айында Parr Instrument компаниясының қызметкерімен жабдықты теңшелеу және тестілік іске қосу бойынша онлайн-тренинг өткізілді. Бұл жабдық одан әрі талдау жүргізу […]
Posted: 21.02.2020
2020 жылғы 17-20 ақпан аралығында «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалында «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау. Радиациялық қорғаныс және қауіпсіздік» тақырыбында ҚР ҰЯО РМК жұмыскерлері үшін оқыту курстары өтті. Дәрістік және практикалық сабақтарға барлығы 41 қызметкер қатысты. Курс бағдарламасына ҚР радиациялық қауіпсіздік саласындағы заңнамалық базасының сұрақтары, радиоактивтіліктің негізгі түсініктері және иондаушы сәулелендірулер […]
Posted: 29.04.2024
Барлық келем деушілерді 2024 жылғы 17 мамырда өтетін Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығындағы ашық есік күніне шақырамыз. Бағдарламада – Семей сынақ полигонының тарихы экспозициялық залына экскурсия. Экскурсия кестесі: сағат 10.00-ден 11.00-ге дейін (қазақ тілінде); сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін (орыс тілінде); сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін (ағылшын тілінде). Барлық келем деушілер 2024 жылғы 10 мамырға дейінгі мерзімде […]
Posted: 20.04.2019
2019 жылғы 16 және 17 сәуірде ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қызметкерлері А.О. Кенесарина, Ю.А. Шакенова, А.Е. Жиенбекова Нұр-Сұлтан қаласында «Ломоносов – 2019» студенттер, магистранттар және жас ғалымдардың XV Халықаралық ғылыми конференциясына қатысты, бұл конференция Мәскеу университеті өткізетін «Ломоносов-2019» Халықаралық жастар ғылыми форумының құрамдас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасының Тұңғыш […]
Posted: 13.07.2019
2019 жылғы 1-12 шілде аралығында Францияның Сакле қ. Ядролық ғылымдар және технологиялар ұлттық институтының негізінде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік өнеркәсіпте радиотрассерлер мен гамма-сканерлеуді қолдану жөнінде тренинг ұйымдастырды. Аталған іс-шараға ҚР ҰЯО РМК Радиациялық қауіпсіздік және экология институты филиалы радиациялық зерттеулер және экожүйелерді қалпына келтіру бөлімінің бастығы Мустафина Евгения қатысты. Бағдарламаға радиациялық технологиялар жөніндегі Франция […]
Posted: 07.12.2018
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» алдынғы білімдерін тереңдету және кәсіпорынның бүкіл жұмысының сапасы мен тиімділігін жоғарылату үшін жаңа кәсіби білім мен дағдылар алу мақсатында өз қызметкерлерінің біліктіліктерін жоғарылатып отырады. 2018 жылғы 13-23 қараша аралығында Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласындағы Росатом Техникалық академиясында «РЗ мен РАҚ мемлекеттік есепке алу және бақылау жүйесі» оқыту курсы […]
Posted: 07.08.2020
Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО) – бұл Қазақстан, Армения, Тәжікстан, Қырғызстан және Грузия ғалымдарының ЕО, Жапония, Корея Республикасы, Норвегия, АҚШ және басқа елдердің ғылыми орталықтарындағы әріптестерімен іскерлік байланысын орнататын үкіметаралық ұйым. ХҒТО халықаралық ғылыми жобаларды іске асыруға септігін тигізеді және ғаламдық ғылыми және іскер қауымдастыққа бірлескен даму және жетекші пәнаралық зерттеулер жүргізу үшін бірегей ғылыми ноу-хауға […]
Posted: 28.05.2020
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы жұмысының коммерциялық бағыттарының бірі жеке дозиметриялық бақылау (ЖДБ) жүргізу жөніндегі қызметтерді ұсыну болып табылады. Филиалдағы қолда бар жабдық бүкіл дене үшін, сол сияқты жеке мүшелер мен ұлпалар (қол, көз қарашығы) үшін сыртқы бета-, гамма-, рентген және нейтрон сәулеленуден болған жеке дозаларды анықтауға мүмкіндік береді, бұл медицинадан […]