Posted: 26.09.2019
«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК 2019 жылғы 20 қыркүйекте БҰҰ стипендиаттарын кезекті рет қабылдады. Қонақтар ҚР ҰЯО РМК қызметімен танысты. Семей сынақ поигоны мұражайында және «Тәжірибе даласы» сынақ алаңында болды. Жыл сайын БҰҰ стипендиаттары Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына келеді. Сапар барысында қонақтар Семей сынақ полигонының тарихымен танысып, «Тәжірибе даласы» сынақ алаңында болып қайтты. […]
Posted: 19.03.2024
ҚР ҰЯО РМК Радиациялық қауіпсіздік және экология институты мониторингілеу және экологиялық-аналитикалық зерттеулер бөлімі бастығының орынбасары Мадина Талгатовна Дюсембаеваға 10500 – Биологиялық ғылымдар ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алуымен шын жүректен құттықтайды.
Posted: 13.11.2019
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында «Техникалық реттеу, стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі республикалық академия» ЖШС ұйымдастырған «Қатер менеджменті. ISO 31000» семинары жүріп жатыр, ол 2019 жылғы 12 қарашадан 14 қарашаға дейін жалғасады. Оқытуды Қазақстан Республикасы Техникалық реттеу және метрология Мемлекеттік жүйесінің сарапшы-аудиторы Н.А. Орлова жүргізеді. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қаупсіздік және экология институты» филиалынан семинарға зерттеу […]
Posted: 04.07.2024
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының радиоэкологиялық және биогеохимиялық зерттеулер зертханасының бастығы Поливкина Елена Николаевнаны 10500 – Биологиялық ғылымдар ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алуымен құттықтаймыз. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Төрағасының «ғылыми атақ беру туралы» 19.06.2024 жылғы […]
Posted: 30.08.2023
2023 жылғы 28 тамызда Шәкәрім университетінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен «Семей ядролық полигоны: ғылым және әлеумет» Халықаралық дөңгелек үстелін өткізді. Сондай-ақ министрлік, Абай облысы мен Семей қаласы әкімдіктерінің өкілдері, ғалымдар, медициналық жұмыскерлер, өндіріс инженерлері және басқалар қатысты. Спикерлердің бірі ретінде «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан ҚР ҰЯО […]
Posted: 12.07.2018
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы келісімшартық негізде тек Қазақстан оқу орындарының ғана емес, ТМД елдерінің студенттеріне де өндірістік, дипломалды іс-тәжірибелерін ұйымдастырады. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен жасалған келісімшарт шеңберінде 2018 жылғы 01 маусымнан 12 шілдеге дейін 5 курс студенті – Александра Рожковаға «Радиохимия» мамандығы бойынша аналитикалық зерттеулер бөлімінде өндірістік іс-тәжірибе […]
Posted: 08.12.2023
«Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың орындалуына бақылауды нығайту үшін асыл газдардың Радионуклидтік мониторингі станциясына мүліктік үлесі бойынша Канаданың Сыртқы істер, сауда және даму министрлігі мен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның»міндеттемелері мен шарттарынасәйкесжұмыстардыорындаушеңберінде 2023 жылғы 26 қарашадан 06 желтоқсанғадейінҚазақстанРеспубликасыныңҰлттықядролықорталығынаSauna IIасылгаздардыңрадионуклидтікмониторингістанциясыніскеқосуүшін«ScientaEnvinet» шведкомпаниясыныңтехникалықмамандарыкелді. Сапар барысындадайындықжәнеіскеқосу-баптаужұмыстары, негізгіжәнеқосалқыжабдықтардыкүйге келтіру, детекторлар мен газ хроматографынкалибрлеужүргізілді. ҰЯО […]
Posted: 16.05.2018
ҚР Ұлттық ядролық орталығы жас мамандарының ғылыми жұмыстары конкурсын жыл сайын өткізу жақсы дәстүрге айналды. Конкурстың іргелі, қолданбалы, инженерлік-техникалық бағыттарында марапаттаулар алуға қатысушылардың қызығушылықтары жылдан жылға артып келеді. 16-18 мамыр аралығында конференцияға тек ҚР Ұлттық ядролық орталығынан ғана емес, Ядролық физика институтынан, Геофизикалық зерттеулер институтынан, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ […]