Қазіргі кездегі ахуалы

Радиациялық қауіпсіздік және экология институты (РҚЭИ) Курчатов қаласында орналасқан және Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (ҚР ҰЯО РМК) филиалы болып табылады. Институт аумағының жалпы ауданы шамамен 21 гектарды құрайды. Қазіргі уақытта Институт 52605 ә/б бұрынғы секторының аумағында және бес зертханалық, төрт әкімшілік-шаруашылық корпустарында орналастырылған. Бұрынғы Семей сынақ полигонын (ССП) жан-жақты зерттеу, ССП аумағы және іргелес аумақтардың радиоэкологиялық жағдайын қалыпқа келтіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру Институт қызметінің негізгі ғылыми бағыты болып табылады.  

Институт жұмысының стратегиялық бағыттары:

  • ҚР ядролық сынақтар жүргізілген орындардың қауіпсіз ахуалын қамтамасыз ету, бұрынғы Семей сынақ полигонының және ядролық сынақтардың басқа орындарының мәселелерін түбегейлі шешу;
  • еліміздің тұрғындары дозалық жүктемелерін тұрақты төмендетуді қамтамасыз ету мақсатында ҚР тұрғындары мен персоналдарының дозаларын бақылау және мемлекеттік есепке алу жүйелерін құру және ғылыми-техникалық қолдау;
  • ҚР радиациялық-қауіпті нысандарының ахуалы туралы өзекті мәселемен тұрғындарды және мемлекеттік органдарды қамтамасыз ету мақсатында, ҚР радиациялық-қауіпті нысандарын мониторингілеудің мемлекеттік жүйесін құру және дамыту;
  • ҚР радиациялық қауіпті нысандарын тәжірибелік түрде қауіпсіз жай-күйге келтіру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.
  • Институт қызметкерлерінің мөлшері 290 адамды құрайды, оның 12-і ғылым кандидаттары, 38 магистрант, 198 маман-зерттеушілер, оның 161 адамы жоғары білімді.
 

Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының лицензиялары бар:

  • радиоактивті қалдықтарды жинау, сұрыптау, сақтау, көмумен қоса алғанда, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге, сонымен қатар, бөлмежайларды, жабдықтарды және материалдарды залалсыздандыру;
  • радиоактивті заттектер орын алған радиоактивті заттектерді, аспаптарды және қондырғыларды қолдану, оның ішінде радиоактивті заттектер орын алған радиоактивті заттектерді, аспаптарды, қондырғыларды пайдалану және сақтау;
  • ядролық материалдарды қолдану, оның ішінде ядролық материалдарды пайдалану және сақтау;
  • иондаушы сәуле шығаруды туғызатын аспаптармен және қондырғыларды қолдану;
  • Қазақстан Республикасының аумағы шегінде радиоактивті қалдықтарды, иондаушы сәуле шығарушы радиоизотопты көздерді (ИСК), радиоактивті заттектерді, ядролық материалдарды тасымалдауға, оның ішінде транзиттік тасымалдау;
  • атом энергиясын пайдалану нысандарындағы өмірлік цикл кезеңдерімен байланысты жұмыстарды орындауға, оның ішінде ядролық қондырғыларды пайдалану және ядролық қондырғыларды пайдаланудан шығару, радиоактивті қалдықтар қоймасы, құрылғыларды салу, орналастыру барысында жобаларды және жұмыстарды басқару;
  • атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету, оның ішінде қоршаған орта нысандарында, материалдарында, азық-түлік өнімдерінде радионуклидтердің құрамын анықтау, радонның шоғырлануын өлшеу;
  • персоналды жеке дозиметрлік бақылау;
  • ИСК, сонымен қатар, аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыстары сапасын бақылау;
  • аумақтарды, бөлмежайларды, жұмыс орындарын, тауарларды, материалдарды радиациялық бақылау;
  • ядролық жарылыстар жүргізу нәтижелерінде ластанған бұрынғы сынақ ядролық полигондары аумақтарында қызметтер жүргізу;
  • ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау;
  • ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлаумен айналысуға. Институт зертханалары радиациялық, радиохимиялық және спектрометриялық сынақтарды іске асыруға аттестатталған, сонымен қатар: радиоактивті заттектердің құрамын әртүрлі нысандарда, оның ішінде топырақ, су, құрылыс материалдарын, ағаш шикізаты, өсімдік, радиоактивті түсулер мен аэрозолдар, тамақ өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімдеріне анықтау.
  • жерасты және жербеткі сулардың өлшеуін (сынауын) жүргізу; радиоактивті заттектермен ластанған беткі қабаттан шығарылатын β-бөлшектер ағымы тығыздығын, γ- және рентгендік сәулелену дозаларының қуатын өлшеуді талап етілетін дәлдікпен анықтау.
  • топырақ, су, тағам өнеркәсібі мен ауылшаруашылық өндірісінің өнімдерін, өсімдіктерді, құрылыс материалдарын α-, β-, γ-сәуле шығарушы радионуклидтердің тиесілі белсенділігінің құрамына сынау.
Институт республикалық және халықаралық ұйымдармен де белсенді түрде қызмет жасайды: Атом энергетикасының халықаралық агенттігі (АТЭХАГ), Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО), НАТО, АҚШ зерттеу зертханаларымен және Ресей ғылым академиясының (РҒА) институттары және басқ. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері жыл сайын радиоэкология және радиобиология мәселелері жөніндегі республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда және семинарларда баяндалады. Институт базасында «Семей сынақ полигоны. Радиациялық мұра және таратпау мәселелері», «Семей сынақ полигоны. Радиациялық мұра және даму келешегі», «Семей сынақ полигоны: мұра және ғылыми-техникалық әлеуеттің даму келешегі» 8 Халықаралық конференция өткізілді. Институт қызметкерлері 125 ауызша және 112 стенділік баяндама ұсынды.  

Кәсіпорын келесі қызметтерді жүзеге асырады:

  1. бекітілген тәртіппен Республикалық ғылыми-техникалық және басқа бюджеттік бағдарламалар тапсырмаларын орындайды; шарттар мен келісімшарттар негізінде өз қызметінің бейіні бойынша отандық және шетелдік ұйымдармен жұмыстар орындауды жүзеге асырады;
  2. Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары мен технологиялық әзірлемелер кешенін жоспарлайды, ұйымдастырады және орындайды;
  3. Республиканың ғылыми-зерттеу мекемелерімен, өнеркәсіптік кәсіпорындарымен, негізгі кәсіпорындарымен Қазақстан Республикасы ғылымдары мен халық шаруашылығы мүддесіндегі Кәсіпорында әзірленетін әдістер мен технологияларды тәжірибелік іске асыру мәселелерін үйлестіреді.
  4. Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асырады; мұндай мамандарды даярлау бойынша Республиканың басқа мекемелеріне көмек көрсетеді;
  5. Кәсіпорын бейіні бойынша ғылыми-зерттеу және басқа жұмыстарды орындау бойынша отандық және шетелдік ұйымдармен шарттар жасауға бағытталған іс-шаралар (серіктестер іздеу, маркетингілік зерттеулер жүргізу, Кәсіпорынның ғылыми-техникалық бөлімшелерінің қатысуымен жобаларды әзірлеу және қалыптастыру) кешенін әзірлейді және іске асырады;
  6. мүдделі ұйымдармен бірлесіп Кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу және қызметінің негізгі бағыттарын дамытуға бағытталған шаруашылық қызметтерді жүзеге асыру;
  7. белгілі тәртіппен ғылыми еңбектерді, әдістемелік, ақпараттық және басқа материалдарды жарыққа шығарады; Кәсіпорынның ғылыми және өндірістік қызметінің негізгі бағыттары бойынша семинарлар, кеңестер, конференциялар өткізеді.