Институт тарихы

Радиациялық қауіпсіздік және экология институтын (РҚЭИ) құру туралы ой Семей ядролық сынақ полигоны (ССП) жабылған соң полигонның зерттеу орталығы ретінде жаңа құрылым болып қалыптасуы барысында келді.
Қазақ КСР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ССП жабу туралы №409 Жарлығы 1991 жылы 29 тамызда жарияланды, ал 1992 жылғы 15 мамырда ҚР Министрлер Кабинетінің № 779 «ҚР Ұлттық ядролық орталығы (ҰЯО) мен Атом энергиясының Агенттігін құру туралы» Қаулысы шықты. ҚР Министрлер Кабинетінің 29.10.1993ж. № 1082 «ҚР ҰЯО құрамында институттарды ұйымдастыру туралы» Қаулысымен №52605 ә/б ғылыми секторының ұйымдастырылған институтының құрамына РҚЭИ енді.
КСРО Қорғаныс министрлігінің №52605 әскери бөлімі ССП ядролық сынақтар өткізу үшін арнайы 1948 жылы маусымда Звенигород қаласында (Мәскеу обл.) құрылды, ол полигонның орталық, құрушы элементі болды және екі негізгі құрылымдық бөлімнен – бөлім басқармасы мен ғылыми-зерттеу бөлімшелерінен (ғылыми-сынақ бөлімі) тұрды. Полигонның барлық бөлімшелерінің қызметіне әскери бөлімнің қомандирі – полигон бастығы жетекшілік етті. №52605 ә/б алғашқы командирі генерал-лейтанат П.М.Рожанович, ал ғылыми жетекшісі М.А.Садовский болды. 1948 жылдың аяғында ғылыми сектордың құрамында бірнеше бөлімдер жұмыс істеді, олар: физикалық, биологиялық өлшеулер мен қарулану бөлімдері, ал олардың әрқайсысы зертханалардан тұрды.
ССП ядролық сынақтар жүргізілген жылдарда Тәжірибелік-ғылыми бөлімінің ұйымдастырушылық-штаттық құрылымы көп рет өзгерді, себебі бөлімшелердің құрамы мен түрлері жүргізілген тәжірибелердің нақты міндеттеріне көп тәуелді болды.
Алғашында сынақтардың бағдарламасы келесі негізгі міндеттерді қойды: физикалық және бологиялық бақылаулар, қарулану мен құрылыстардың әртүрлі түрлеріне жарылыстың әсерін бақылау. Ары қарай ядролық жарылыстардың радиациялық әсерлерін, оның ішінде елді мекендердің радиоактивті ластануын аса терең зерттеу қажеттілігі туындады. Осы мақсатта бұрынғы физикалық өлшеулер бөлімінің құрамынан радиохимиялық зертхана бөлініп шығып, оның базасында радиациялық бағыт құрылды. Биологиялық бөлім ядролық жарылыстың зақымдау факторларының тірі ағзаға әсерін зерттеу үшін медико-биологиялық бағытта және, соңында, полигонның жабылуына дейін жұмыс істеген жеке құрам мен тұрғындар болып қайта құрылды.
Иондық сәулеленулердің зақымдаушы әсерін зерттеуге аса көп назар аударылды, себебі бұл патология туралы ол уақыттарда белгілісі аз болатын. Тек алғашқы ядролық жарылыстардан соң ғана сәулелену проблемасы пайда болды. Осынау күрделі проблеманы шешу іс жүзінде нөлден басталды және ССП аса қарқынды зерттеу орнына айналды. Нақты ССП-да медициналық радиология және радиобиологияның іргетасы қаланды, радиациялық қорғау және радиациялық қауіпсіздік бойынша алғашқы ұсыныстар әзірленді.
ССП ресми түрде жабылған соң полигондағы ядролық сынақтар мүлдем тоқтатылды. Бұрынғы полигонның бүкіл объектілері Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына берілді.
Нақты осы кезеңде ҚР ҰЯО РМК Бас директоры Ғ.Ә. Батырбековтің 1993 жылғы 8 қарашадағы № 40 бұйрығымен 52605 әскери бөлім базасында Радиациялық қауіпсіздік және экология институты құрылды.
Институттың құрылу кезеңінен бастап бүкіл тарихы Ұлттық ядролық орталығымен, ал қызметі полигондағы жұмыстармен байланысты.

 
Сейсебаев Ахметжан Тілеубайұлы
Сейсебаев Ахметжан Тілеубайұлы (01.01.1936 ж. - 02.04.2017 ж.)

ҚР ҰЯО РҚЭИ бірінші директоры міндетін 1992 жылдан бастап 1995 жылға дейінгі кезеңде биология ғылымдарының докторы Ахметжан Тілеубайұлы Сейсебаев атқарды, оның еншісіне ең қиын кезеңдер тиді – бұл Институтты ұйымдастыру және қалыптастыру кезі болатын. РҚЭИ аппаратуралық базасын 52605 әскери бөлімінің қалған аспаптары мен жабдықтары бар ғылыми сектордың зертханалары құрды. Соңынан Институттың аппаратуралық базасы халықаралық жобаларды орындау мен бірқатар халықаралық гранттарды алу кезінде маңызды түрде нығайды, бұлар ең алдымен ХҒТО, НАТО, АТЭХАГ Жобалары болды.
Сондай күрделі, қысқа, экстремалды жағдайлар кезінде, Институттың ғылыми бағытын әзірлей отыра, Ахметжан Тілеубайұлына әкімгер және шаруақор адамның мықты дағдыларын игеру қажет болды. ҚР ҰЯО құрамына қамтылған институттардың алғашқы директорларының ұйымшыл командасының құрамында, Ғ.Ә. Батырбековпен «Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту» Республикалық салалық ғылыми-техникалық бағдарламасы әзірленді, оның өміршеңдігі уақытпен сыналып, нығайды, Орталықтың және, тиісінше, РҚЭИ стратегиялық даму бағыты анықталды.
Ахметжан Тілеубайұлы аталмыш бағдарламада зерттеулердің биологиялық бағытын басқарып, жетекшілік жасады. Ұйымдастырушылық-техникалық және шығармашылық қызметінің нәтижесінде А.Т. Сейсебаев РҚЭИ ұйымдастыру және қалыптасу үрдісіне маңызды үлес қосты.

Смағұлов Самат Ғабдрасылұлы
Смағұлов Самат Ғабдірасылұлы (14.07.1946 ж. - 11.07.2014 ж.)

1995 жылы РҚЭИ директорының лауазымына Смағұлов Самат Ғабдірасылұлы тағайындалды. Директордың лауазымында (1995 - 1997 жж.) С.Ғ. Смағұлов РҚЭИ ғылыми басымдылықтарының құрылуы мен дамуына белсенді қатыса отыра, ССП-да ядролық қарулар сынақтарының бүкіл инфрақұрылымын жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізудің үрдісіне маңызды үлес қосты, көп еңбекті талап ететін бұл үрдіс ҚР үштарапты халықаралық келісімдерінің (Қазақстан, Ресей, АҚШ) табысты және уақтылы орындалуына ықпал жасады.
Самат Ғабдірасылұлы Семей сынақ полигонында 1970 жылдан бастап 1998 жылға дейінгі аралықта, жерасты ядролық сынақтары қарқынды жүргізілген кезеңде еңбек етті, 100-ден аса ядролық сынақтардың тікелей қатысушысы болды.
ССП-да соңғы ядролық зарядты құрылғыны жою бойынша жұмыстарды табысты аяқтағаны үшін 1996 жылы оған (қосымша авторлықта) РФ Үкіметінің ғылым және техника сыйлығы табысталды.

Ахметов Мұрат Абдрашитұлы
Ахметов Мұрат Әбдірашитұлы (04.04.1953 ж.т.)

1997 жылы маусымда РҚЭИ директоры болып Ахметов Мұрат Әбдірашитұлы тағайындалды.
М.А. Ахметовтің жетекшілігімен ССП аумақтарының алғашқы алаңдық зерттеулері басталды. Бәрінен бұрын – атмосфералық сынақтарды жүргізу орындарынан оңтүстік және оңтүстік-шығыс бағытта жүретін радиоактивті іздер бойынша полигонның орталық бөлігі, сосын зерттеулер полигонның оңтүстік бөлігінде, нақтырақ айтқанда ауданы 1332 км2 болатын Абралы ауданының аумағын зерттеу жалғасты. Соңынан ССП радиоактивті-ластанған аумақтарында табиғатты қорғау шаралары мен осы аумақтардың халық шаруашылығында пайдалану жөніндегі ұсыныстар әзірленіп, енгізілді.
М.А. Ахметовтің кезінде радиоэкологиялық және медико-биологиялық зерттеулер; Қазақстан Республикасының жарылыстар жүргізілген, атом өнеркәсібінің кәсіпорындары мен атом құрылғылары бар аймақтарында қоршаған орта мен халықтың денсаулығын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жалғасты.
Мұрат Әбдірашитұлы ССП ядролық қару сынақтарының инфрақұрылымын жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу үрдісіне маңызды үлес қосты, бұл ҚР халықаралық келісімдерінің табысты және уақтылы орындалуына ықпал жасады.
Қазақстандағы ядролық сынақтардың зардаптарын жоюға қосқан жеке үлкен үлесі үшін, полигонның жабылғанына 10 жыл толуына байланысты (27.08.2001 ж.), М.А. Ахметов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Птицкая Лариса Денисовна
Птицкая Лариса Денисовна (23.02.1941 ж.т.)

2002 жылы Институттың директоры лауазымына Птицкая Лариса Денисовна тағайындалды.
Л.Д. Птицкаяның жетекшілігімен РҚЭИ-да радиохимиялық және гамма-спектрометриялық талдауларды жүргізуге мүмкіндік берген аппаратуралық-әдістемелік база құрылып, өндіріске енгізіледі және, ең бастысы, қарудағы плутонийдің изотоптарын іріктелген үлгілерде анықтау басталады; биологиялық зерттеулер жүргізіледі. Бір уақытта, радиоэкологиялық зерттеулерді жүргізу үшін, жас мамандардың жаңа ұжымы қалыптасады, басты назар олардың біліктілігін жоғарылатуға аударылады.
Лариса Денисовна бұрынғы ССП аумағында радиоэкология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жетекшісі болды, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша радиоэкологиялық ахуалды бағалау жөніндегі жұмыстардың жауапты орындаушысы болып табылды, INTAS және ХҒТО шеңберіндегі ғылыми-зерттеу бағдарламаларына жетекшілік жасады. Оның кезінде «ССП. Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» Республикалық бюджеттік бағдарламасы басталды. Радиоэкологиялық зерттеулерден басқа ССП аумағында әскери инфрақұрылымды жоюға қосқан үлесі аз емес. Ол Экология министрлігінде ҚОӘБ Институты дайындаған 181 штольняны, бірнеше ондаған ұңғыманы және «Омега» тәжірибесінің салдарын жоюды қорғауға тікелей қатысты.

Лукашенко Сергей Николаевич
Лукашенко Сергей Николаевич (14.12.1962 ж.т.)

2006 жылы ҚР ҰЯО Бас директорының радиоэкология жөніндегі орынбасары, сондай-ақ РҚЭИ директоры болып Лукашенко Сергей Николаевич тағайындалды.
Директордың лауазымында жұмыс істеген жылдары жеке дозиметрия әдістерін дамытты, ішкі сәулелену дозаларын анықтаудың жаңа әдістерін әзірлеу, радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеудің жаңа әдістерін әзірлеу секілді бағыттарды қамти отыра, Институттың қызмет аясын кеңейтті. Сергей Николаевич Институттың жас ғалымдарының аяқтануына үлкен үлес қосты. Оның жетекшілігімен РҚЭИ-да ірі көлемді радиобиологиялық және радиоэкологиялық зерттеулер бастау алды, ССП аумағында алғашқы күрделі табиғи тәжірибелер жасалды. «Су-түптік шөгінділер», «топырақ-ауа», «топырақ-өсімдік жамылғысы» жүйелерінде анықталған жасанды радионуклидтерді тасымалдау заңдылықтары мен аталған заңдылықтарды сипаттайтын алынған сандық параметрлердің негізінде су ортасының, ауа бассейні мен өсімдік жамылғысының ластану деңгейлерін бағалаудың әдістемелік тәсілі әзірленіп, ғылыми дәлелденді. ССП өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімінің сапасын тәжірибелік және теориялық бағалау жүргізілді және оны радиациялық белгілері бойынша кепілденген сапасымен өндіру мүмкіндігі дәлелденді.
2007 жылы РҚЭИ базасында Семей педагогикалық Институтының «Экология» кафедрасының филиалы ұйымдастырылды, арнайы дәрістер курстары мен практикумдар дайындалды.
2016 жылы С.Н. Лукашенко биология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін «Семей сынақ полигоны аумақтарын шаруашылықта қолдануға қайтаруға радиоэкологиялық негіздеме: іргелі және қолданбалы аспектілері» диссертациясын қорғады.