Жарияланған: 07.04.2020
Институттың басым деген бағыттарының бірі бұрынғы Семей сынақ полигонының радиациялық ахуалын зерттеу болып табылады. Жоспарланған жұмыстарды іске асыру үшін далалық маусым басталмас бұрын жылсайын сынамаларды іріктеу көлемін анықтау, жол жүрулерді жоспарлау, жабдықтар мен құрал-аспаптарды дайындау бойынша дайындық шаралары жүргізіледі. Айта кету керек, қаншалықты болмашы деп саналса да, сынама алу құралдарының дұрыс қайралуының өзі, жұмыстың сапасына […]
Жарияланған: 10.12.2019
2019 жылғы 09-12 желтоқсан аралығында Алматы қаласында «ArcGIS: Негізгі жұмыс процестері және талдауды орындау» оқыту семинары өз жұмысын бастады. Семинарға ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан Оқыту-ақпараттандыру орталығы Геоақпараттық технологиялар зертханасының (ОАО ГАТЗ) қызметкерлері Дёмина Ксения Владимировна мен Ливчина Дарья Витальевна қатысады. Қазіргі уақытта филиалда ГАЖ инфрақұрылымы жақсы дамыған, 30-дан аса ГАЖ-жобасы […]
Жарияланған: 27.05.2022
2022 ж. 16 және 20 мамыр аралығында RER7013 «Жерасты суларының ресурстарын бағалау және жерасты және жербеткі суларының климаттың өзгеруіне бейімделу контекстіндегі өзара әрекеті» АТЭХАГ аймақтық техникалық ынтымақтастық жобасының шеңберінде Краков қ. (Польша) ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан қоршаған ортаның мониторинг жүйелерін әзірлеу бөлімінің инженері Т.Ж. Тоқтағанов қатысқан Аймақтық үйлестіру жиналысы болып […]
Жарияланған: 10.02.2020
2020 жылғы 02-07 ақпан аралығында Жапонияда (Фукусима қ.) контрмераларды әзірлеп және қолдана отырып, Фукусима префектурасы аумағын ұзақ мерзімді радиациялық мониторингілеуге байланысты сұрақтарды талқылауға арналған Фукусима префектурасы өкілдерімен АТЭХАГ сарапшыларының 15-Миссия- Кездесуі өтті. Қазақстан Республикасынан миссия жұмысына АТЭХАГ сарапшысы ретінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қызметкері экожүйелерді кешенді зерттеу […]
Жарияланған: 10.10.2023
ҚР ҰЯО РҚЭИ филиалының радиологиялық зерттеулер бөлімі радиациялық зерттеулер зертханасының бастығы П.Е. Кривицкий 2023 жылдың 25 қыркүйегінен бастап Цуруга қаласының (Жапония) ауданында Жапония атом энергиясы агенттігі (JAEA) ұйымдастырған Ядролық технологиялар жөніндегі семинар аясында 4 апталық «Ядролық қондырғылардың қауіпсіздігі (TC-NPS) бойынша оқыту курсына» қатысады. Аталған курстың негізгі бағыты ядролық қондырғыларды пайдалану кезінде де, әртүрлі оқиғалар жағдайында […]
Жарияланған: 30.09.2019
2019 жылғы 27 қыркүйекте ҚР Ұлттық ядролық орталығының қызметкерлері «Атом саласы қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесін тойлады. Мерекені тойлау салтанатты жиналыстан басталды, онда ҚР Ұлттық ядролық орталығы әртүрлі филиалдарының қызметкерлері мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Салтанатты жиналыстан кейін Курчатов қаласы Әкімдігімен бірге ҚР ҰЯО РМК алғашқы бас директоры, ф.-м.ғ.д., профессор Батырбеков Ғадлет Әндиянұлының құрметіне мемориалды […]
Жарияланған: 06.11.2019
2019 жылғы 31 қазанда Семей сынақ полигоны (ССП) мұражайына Курчатов қаласының № 3 жалпы білім беретін орта мектебінің 7 сынып оқушылары мен ұстаздары келген болатын. Экскурсия барысында оқушылар өз қалаларының тарихы туралы, аса көрнекті физик-экспериментатор И.В. Курчатовтың өмірі және қызметі туралы, ядролық сынақтар және олардың зардаптары туралы көптеген қызықты мағлұматтарды біліп қайтты.