Дунрей ядролық-энергетикалық әзірлемелер британдық орталығының базасында «Жерлердің ластану сипаттамаларын анықтаудың стратегиясы мен аспаптары» техникалық кездесу өтті
14.10.2019
2019 жылғы 7-11 қазан аралығында АТЭХАГ қолдауымен Терсо қ. (Ұлыбритания) 9 миль жерде орналасқан Дунрей ядролық-энергетикалық әзірлемелер британдық орталығының базасында «Жерлердің ластану сипаттамаларын анықтаудың стратегиясы мен аспаптары» техникалық кездесу өтті. Қазіргі уақытта Дунрей өзіне жылдам нейтрондардағы ядролық-энергетикалық қондырғыларды қосады және көптеген радиоактивті нысандарды тазарту мен бұзуға байланысты ядролық нысандарды жабу жөніндегі ең күрделі жобалардың бірі болып саналады.
«ҚР ҰЯО» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан кездесуге ЭКЗБ химия-физикалық зерттеулер зертханасының бастығы Алуа Кабдыракова «ССП радиоактивті ластанған аумақтары үшін қайта қалпына келтірудің кейбір ықтимал технологияларын қолдануды бағалау» баяндамасымен және РЗЭҚБ зерттеу деректерін талдау тобының бастығы Юлия Бакланова «Гамма-спектрометриялық жаяу түсірілім жербеткі ластанудың тиімді сәйкестендіру әдісі іспеттес» баяндамасымен қатысты. Институт қызметкерлері сцинтилляциялық детекторлардың NaI(Tl) көмегімен автомобильдік гамма-спектрометриялық түсірілім әдісі арқылы Солтүстік теңіз жағалауына мониторинг жүргізу бойынша іс-тәжірибелік сабаққа қатысты, төменбелсенді қалдықтар (жылдам нейтрондармен жұмыс істейтін реакторлардағы жылу тасымалдағыш ретінде пайдаланылатын натрий) қоймасына, сондай-ақ PFR жылдам реакторының прототипіне барып қайтты.
Шараға барлығы 26 елден келген 50-ден аса ғалымдар мен мамандар қатысты. Талқылау барысында радионуклидті ластануға ұшыраған қоршаған ортаны, жерлерді қалпына келтіруді сипаттау және мониторингілеу және тағы басқа сұрақтар қарастырылды.