«Атом. Ғылым. Технологиялар» І Халықаралық мектеп-конференциясы
21.04.2021
Ағымдағы жылдың 14-16 сәуірі аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ядролық физика институты базасында Қазақстанның Ғылым күніне арналған «Атом. Ғылым. Технологиялар» І Халықаралық мектеп-конференциясы өтті. Қатысушылары жетекші қазақстандық және шетелдік ғалымдар болды, олар ғылыми мектепті жас ғалымдар мен мамандарды конференция тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулердің соңғы нәтижелерімен таныстыру, жас ғалымдар зерттеулерінің барысы мен нәтижелерін талқылау мақсатында жүргізді. Конференцияға Қазақстанның, Өзбекстанның және Ресейдің 17 бейіндік ұйымынан 76 адам қатысты. ҚР ҰЯО РМК Радиациялық қауіпсіздік және экология институтынан аталған іс-шараға «Радиоактивті ластануды үш өлшемді сипаттаудың кешенді әдісі» баяндамасымен радиоэкологиялық зерттеулер және экожүйелерді қалпына келтіру бөлімінің инженері Артамонов Юрий және «Сұйықсцинтилляциялық спектрометрия әдісімен судағы жиынтық альфа-, бета-белсенділікті анықтау» баяндамасымен аналитикалық зерттеулер бөлімінің технигі Берікхан Қайыржан қатысты.
Конференция онлайн-режімде өтті, мектеп шеңберінде Ядролық физика, Материалтану және жаңа материалдар технологиялары, Радиациялық экология және талдау әдістері, Физика және ядролық реакторлар техникасы, Медицинадағы, өнеркәсіптегі және ауыл шаруашылығындағы ядролық және радиациялық технологиялар секциялары бойынша 64 баяндама тыңдалды.