Семей сынақ полигонының жабылуының 35 жылдығы және Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы барлық келем деушілерді 2026 жылғы 18 және 20 тамызда Семей сынақ полигоны тарихының экспозициялық залына шақырады.
Іс-шараның өтетін күні:
- 2026 жыл 18 тамыз, Қазақстан Республикасы азаматтары үшін
- 2026 жыл 20 тамыз, шетелдік азаматтар үшін
Өтетін орны:
- ҚР Ұлттық ядролық орталығы (Абай облысы, Курчатов қаласы, Бейбіт атом көшесі, 2)
Бағдарлама:
Экспозициялық залға келушілерді полигонды құру мен дамытудың негізгі кезеңдері, ядролық сынақтарды жүргізудің ерекшеліктері, көрнекті физик-экспериментатор Игорь Курчатовтың және бірқатар көрнекті ядрошыл физиктердің өмірі мен қызметі баяндалатын отандық тарихтың ең даулы да айқын беттерінің бірімен танысу күтеді.
Экспозициялық залда түрлі өлшеу аспаптары, 50-ші жылдардағы есептердің түпнұсқалары, макеттер, ядролық полигон болған кезеңдегі фотосуреттер ұсынылған.
Экскурсия кестесі:
2026 жыл 18 тамыз:
- 10:00 – 11:00 (қазақ тілінде)
- 15:00 – 16:00 (орыс тілінде)
2026 жыл 20 тамыз:
- 10:00 – 11:00 (ағылшын тілінде)
- 15:00 – 16:00 (ағылшын тілінде)
Маңызды: Барлық келем деушілер 2026 жылғы 10 тамызға дейінгі (шетел азаматтары) және 2026 жылғы 12 тамызға дейінгі (ҚР азаматтары) мерзімде Т.А.Ә., келуге қолайлы уақытын көрсете отырып, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса ұсына отырып (Ұлттық ядролық орталықтың аумағына кіруге рұқсаттама ресімдеу үшін) өтінім беруі қажет.
Өтінімдер seraya@nnc.kz электрондық мекенжайына жіберіледі.
Анықтамаларға арналған телефон: 8(72251)-3-34-13 (ішкі 116)






