М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалында 2024 жылғы 19-20 сәуір аралығында Мәскеу университеті өткізетін «Ломоносов – 2024» Халықаралық Жастар ғылыми форумының құрамдас бөлігі болып табылатын және қазіргі қоғам дамуындағы іргелі ғылымның рөліне арналған «Ломоносов – 2024» студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың XIX Халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Биылғы халықаралық конференция Мәскеу университетінің 270 жылдығына арналды. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан 2 жас ғалым – К. Т. Жамалдинова «Сұйық-сцинтилляциялық спектрометрияны қолдана отырып, судағы жиынтық альфа және бета белсенділікті анықтау әдістемесін әзірлеу» тақырыбындағы баяндамамен; А. Е. Серік «Семей сынақ полигонында өсетін жабайы өсімдіктердің цитогенетикалық әсерін зерттеу» тақырыбындағы баяндамамен қатысты.
Конференцияның мақсаты студенттерді, магистранттарды және жас ғалымдарды шығармашылық белсенділікке ынталандыру, оларды ғылыми-зерттеу қызметіне, қазіргі қазақстандық қоғамның өзекті мәселелерін шешуге жұмылдыру, сондай-ақ Ресей мен Қазақстанның жаңадан бастаушы зерттеушілерінің білім беру және ғылыми байланыстарын нығайтуға жәрдемдесу болып табылады.
Конференция қорытындысы бойынша филиалдың жас ғалымдары белсене қатысқандары үшін мақтау қағаздарымен марапатталды.