Жарияланған: 24.08.2018
ҚР Ұлттық ядролық орталығы «Семей сынақ ядролық полигонының радиоэкологиялық ахуалы» деректер базасы-авторлық құқық нысанына құқығын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алды. Қазіргі уақытта ҚР ҰЯО бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағына қатысты ақпараттың ауқымды көлемі жинақталған, бұл түрлі ұйымдар орындаған коммерциялық жобалардың, ғылыми-зерттеу бағдарламаларының нәтижелері. Деректерді сақтау, уақытында қол жеткізу және тиімді өңдеуге қатысты мәселелерді шешу үшін, […]
Жарияланған: 15.04.2020
Өзінің Туған Күнінде Курчатов қ. ардагер майдангерлерінің бірі құттықтауларды қабыл алуда. Туған күн иесін осы мерекесімен «ҚР ҰЯО» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының өкілдері құттықтап, соғыс жылдарындағы өшпес ерлігі мен бейбіт күндердегі адал еңбегі үшін шынайы алғысын білдіріп, мықты денсаулық, өмірге деген құлшыныс пен молшылық тіледі!
Жарияланған: 11.03.2020
Қалыптасқан тәжірибе бойынша, біліктіліктерін жоғарылату курстарынан өткен ҚР ҰЯО «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қызметкерлері алған білімдерімен өз әріптестерімен бөлісіп отырады. Осы жолы да «Республикалық техникалық реттеу, стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі академия» ЖШС (Нұр-Сұлтан қ.) оқытудан өткен инженерлер А. Топорова мен Р. Ролланұлы 2020 жылғы 10 наурызда «Термолюминесцентті дозиметрлер мен радиациялық шығуларды өлшеулердің […]
Жарияланған: 07.10.2019
2019 жылғы 03-04 қазан аралығында Обнинск қ., Ресей, «Бүкілресейлік радиология және агроэкология ғылыми-зерттеу институты» Федералды мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесі (БРАЭҒЗИ ФМЮҒМ) ұйымдастырған «Радиобиология, радиоэкология және агроэкологияның заманауи мәселелері» Халықаралық жастар конференциясы өтті. Конференцияда математикалық үлгілеу және цифрлық технология, ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өнеркәсібіндегі технологиялар мен ядролық-физикалық зерттеулер, топырақтың техногенді және агрогенді ластануы аясындағы радиациялық биология, […]
Жарияланған: 05.09.2017
2017 жылғы 16-18 тамыз аралығында Астана қаласында ЕХРО – 2017 халықаралық көрмесінің шеңберінде радиациялық зерттеулер жөнінде IV Азиа конгрессі өтті. Конгресске Қазақстаннан және 10 шетел елдерінен (Жапония, Ресей, Франция, Оңтүстік Корея, Қытай, Австрия, Иран, Индия) ғалымдар мен мамандар, сонымен қатар, АТЭХАГ, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінен, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінен, «Қазатомпром ҰАҚ» АҚ өкілдері қатысты. […]
Жарияланған: 08.11.2018
АТЭХАГ Техникалық ынтымақтастық жобаларын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 8 қарашасында ҚР Ұлттық ядролық орталығына АТЭХАГ Техникалық кооперациясы департаментінің өкілі Katherina Deufrains (Катерина Дюфрейнс) келді. Сапарының негізгі мақсаты АТЭХАГ ТЫ ұлттық жобаларын іске асыру мәселелері болып табылады, бүгінгі күнде олар бойынша Ұлттық ядролық орталығында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл «Реакторлық қондырғының ақпараттық – өлшеу жүйесін әзірлеу» […]