Posted: 15.08.2023
Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы барлық ниет білдірушілерді 2023 жылғы 24 тамызда Семей сынақ полигоны тарихының экспозициялық залына шақырады. Экскурсия кестесі: 10.00-ден 12.00-ге дейін қазақ және орыс тілдерінде, 14.30-дан 16.30-ға дейін ағылшын тілінде. Ниет білдірушілер өтінімдерін 2023 жылғы 18 тамызға дейінгі мерзімде аты-жөнін, келетін уақытын көрсете отырып беруі, […]
Posted: 03.11.2017
Сиднейде Ядролық ғылымдар және технологиялар жөніндегі Австралия ұйымында 23-27 қазан аралығында Азиядағы Ядролық серіктестік форумы шеңберінде (FNCA) «Ядролық және изотоптық технологияларды пайдалана отырып, климаттық өзгерістерді зерттеу» кеңесі өтті, оған Қазақстаннан РҚЭИ филиалы директорының қолданбалы зерттеулер жөніндегі орынбасары – Асан Айдарханов қатысты. Аталған іс-шараға Бангладеш, Қытай, Индонезия, Жапония, Малайзия, Моңғолия, Филиппин және Таиланд елдері де қатысты. […]
Posted: 26.08.2020
2020 жылғы 10-13 тамыз аралығында Веспрем қаласында (Венгрия) VII.Terrestrial Radioisotopes in Environment International Conference on Environmental Protection (VII.TREICEP) Жер радиоизотоптарымен байланысты өзекті ғылыми мәселелерге арналған конференция өтті. Конференцияға Венгрия, Австрия, Литва, Жапония, Вьетнам, Марокко, Ресей, Қазақстан, Украина сияқты әлемнің 20 елінен ғалымдар мен мамандар қатысты. Қатысушылар онлайн форматта 73 баяндама ұсынды. VII.TREICEP конференциясына қатысушылардың баяндамаларында […]
Posted: 26.09.2019
«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК 2019 жылғы 20 қыркүйекте БҰҰ стипендиаттарын кезекті рет қабылдады. Қонақтар ҚР ҰЯО РМК қызметімен танысты. Семей сынақ поигоны мұражайында және «Тәжірибе даласы» сынақ алаңында болды. Жыл сайын БҰҰ стипендиаттары Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына келеді. Сапар барысында қонақтар Семей сынақ полигонының тарихымен танысып, «Тәжірибе даласы» сынақ алаңында болып қайтты. […]
Posted: 26.10.2023
2023 жылғы 16-23 қазан аралығында ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының жас ғалымдары Мамырбаева Айнур және Ермакова Рината «Курчатов институты» Ұлттық зерттеу орталығының Бүкілресейлік радиология және агроэкология ғылыми-зерттеу институты» федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесі («Курчатов институты» ҰЗО-БРАЭҒЗИ) базасында өткен «Ауыл шаруашылығындағы генетикалық және радиациялық технологиялар» ІІ Халықаралық жастар конференциясына (Обнинск қ., Ресей) қатысты. Олар «Радиоэкология мен агроэкологияның […]
Posted: 28.07.2020
Судағы радионуклидтердің құрамын бақылау тәсілдерінің бірі – су ортасының радиоэкологиялық мониторингі. Мониторинг жүргізу кезінде радионуклидтердің жергілікті «аялық» шоғырлануын анықтау маңызды және ажырамас бөлігі болып табылады. Радиациялық өлшемдердің нәтижелерін аялық мәндерді анықтау нәтижелерімен салыстыру қоршаған ортаның сапасының өзгеруінде қолайсыз үрдістерді анықтауға, осы өзгерістердің даму болжамын құруға және қажет болған жағдайда қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетуге бағытталған […]
Posted: 16.10.2024
Бүгін Ұлттық ядролық орталықта жас ғалымдар мен мамандардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының XXIII конференция-конкурсы өз жұмысын бастады. Биылғы жылы конференция біздің кәсіпорынның бірінші бас директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Ғаділет Андиянович Батырбековтың туғанына 90 жыл толуына орайластырылды. Конференцияға Ұлттық ядролық орталықтың, Ядролық физика институтының, «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ, Shakarim University (Семей қ.) және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ […]
Posted: 06.11.2020
2020 жылдың 5-6 қарашасы аралығында ядролық технологияларды бейбіт пайдалану саласында Азия елдерінің ядролық ынтымақтастығы форумының (FNCA) аясында онлайн-семинар өтуде. Форум изотоптық әдістердің көмегімен бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан климаттық өзгерістерді зерттеулерге арналған, ол ядролық әлеуетті бейбіт мақсатта қолдануды дамытуда маңызды орын алады. Австралия, Бангладеш, Қытай, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Малайзия, Моңғолия, Филиппин, Тайланд, Вьетнам климаттық жобаның қатысушылары […]