Posted: 20.09.2019
2019 жылғы 19 қыркүйекте Өскемен қаласында Үлбі металлургия зауытының Көрмелік-ақпараттық орталығында «Жастар. Ғылым. Инновациялар» ІІІ Жастар ғылыми-техникалық конференциясы өтті. Конференцияға «Үлбі металлургия зауыты» АҚ, «Инкай» ЖШС, «Машзавод» ЖШС, «Казцинк» ЖШС сияқты Қазақстан Республикасының түрлі кәсіпорындарының ғалымдары мен мамандары қатысты. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан: Зерттеу деректерін талдау тобының 1 санатты технигі […]
Posted: 13.03.2024
2024 жылғы 18 қазанда ҚР ҰЯО РМК жас ғалымдары мен мамандарының XXIII жыл сайынғы ҒЗТКЖ конференциясы-конкурсы өз жұмысын аяқтады. Конкурсқа қатысушылар қазылар алқасының қарастыруына 36 жұмыс ұсынды. Барлық баяндамалар тыңдалғаннан кейін қазылар алқасының хатшылығына 12 рейтингтік дауыс беру бюллетені келіп түсті. Жүлделі орындарды анықтау кезінде конкурсқа қатысушылардың келесі критерийлер бойынша жинаған балдарының мөлшері ескерілді: 1) […]
Posted: 10.10.2023
ҚР ҰЯО РҚЭИ филиалының радиологиялық зерттеулер бөлімі радиациялық зерттеулер зертханасының бастығы П.Е. Кривицкий 2023 жылдың 25 қыркүйегінен бастап Цуруга қаласының (Жапония) ауданында Жапония атом энергиясы агенттігі (JAEA) ұйымдастырған Ядролық технологиялар жөніндегі семинар аясында 4 апталық «Ядролық қондырғылардың қауіпсіздігі (TC-NPS) бойынша оқыту курсына» қатысады. Аталған курстың негізгі бағыты ядролық қондырғыларды пайдалану кезінде де, әртүрлі оқиғалар жағдайында […]
Posted: 26.01.2024
17 және 19 қаңтар аралығында Алматы қаласында, «Ядролық физика институты» РМК Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығының (ЯҚОО) базасында, АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі Ұлттық әкімшілігінің ядролық оқыс оқиғалар саласындағы саясат пен ынтымақтастық басқармасы «Жетілдірілген спектралды радиологиялық компьютерлік жүйеге (SPARCS) оқу және техникалық қызмет көрсету» семинарын өткізді, онда ҚР ҰЯО РҚЭИ филиалының радиологиялық зерттеулер бөлімінің бастығы В.В.Божко қатысты.
Posted: 11.11.2024
2024 жылғы 7-8 қараша аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Цифрлық шынайылық: Картография, ГАЖ және ЖҚЗ-дағы жаңа сұраныстар» атты бірінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының өкілі М.Т. Абишева баяндама жасады. «Жерді мониторингілеу кезінде қашықтықтан зондтау деректерін кешенді талдау (бұрынғы Семей сынақ полигонының мысалында)» атты баяндамасында ол жер […]
Posted: 06.04.2018
1 сәуірде ХҒТО-ның «Семей сынақ полигонындағы «Шаған» жерасты ядролық сынағы: экскавациялық ядролық сынақтардың экологиялық қатерін бағалау, Қазақстан Республикасы, Мәселені талдау» екінші жобасы бастау алды. Еске сала кетсек, Семей сынақ полигоны (ССП) ядролық қаруды сынауға арналған әлемдегі ірі полигондардың бірі болды. 1949 және 1989 жылдар аралығындағы кезеңде ССП аумағында ядролық сынақтар жүргізілді. Айта кету керек, полигон […]
Posted: 15.08.2024
Семей сынақ полигоны тарихының экспозициялық залына Ашық есік күніне барлық келем деушілерді шақырамыз. Іс-шара күні: 2024 жылғы 27 тамыз Өтетін орны: ҚР Ұлттық ядролық орталығы (Абай облысы, Курчатов қаласы, Бейбіт атом көшесі 2) Бағдарлама: Ядролық қаруды сынау тарихын көрсететін әртүрлі өлшеу құралдары, фотосуреттер, құжаттар мен макеттер қойылған экспозициялық залға экскурсия. Экскурсия барысында келушілер полигонның тарихымен, […]
Posted: 19.03.2024
ҚР ҰЯО РМК Радиациялық қауіпсіздік және экология институты мониторингілеу және экологиялық-аналитикалық зерттеулер бөлімі бастығының орынбасары Мадина Талгатовна Дюсембаеваға 10500 – Биологиялық ғылымдар ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алуымен шын жүректен құттықтайды.