Posted: 06.03.2023
Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттігінің (АТЭХАГ) ТЫ (техникалық ынтымақтастық) жобаларын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 1 – 2 наурызында ҚР Ұлттық ядролық орталығына АТЭХАГ техникалық ынтымақтастығы департаментінің жобаларды басқару жөніндегі өкілі Алексей Катухов келді. Сапар мақсаты АТЭХАГ ТЫ ҚР ҰЯО РМК-да қазіргі уақытта жұмыстар жүргізіліп жатқан ұлттық жобаларды іске асыру сұрақтары болды. Бұл KAZ9016 «Бұрынғы […]
Posted: 06.11.2020
2020 жылдың 5-6 қарашасы аралығында ядролық технологияларды бейбіт пайдалану саласында Азия елдерінің ядролық ынтымақтастығы форумының (FNCA) аясында онлайн-семинар өтуде. Форум изотоптық әдістердің көмегімен бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан климаттық өзгерістерді зерттеулерге арналған, ол ядролық әлеуетті бейбіт мақсатта қолдануды дамытуда маңызды орын алады. Австралия, Бангладеш, Қытай, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Малайзия, Моңғолия, Филиппин, Тайланд, Вьетнам климаттық жобаның қатысушылары […]
Posted: 05.11.2019
2019 жылғы 28 қазанда келу бағдарламасының шеңберінде Ирландиядан келген БҰҰ өкілдері Семей сынақ полигоны (ССП) мұражайында болып қайтты. Мұражай қонақтары полигонның құрылу және даму тарихымен, ядролық сынақтардың жүргізілу ерекшеліктерімен және ССП аумағындағы қазіргі кездегі радиациялық ахуалмен танысты.
Posted: 26.08.2020
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы отандық өндірілетін радионуклидтік және элементтік құрамның стандартты үлгілерін жасау бойынша жұмысты жалғастыруда. Бүгінгі таңда Филиал әзірлеген тағы бір стандартты үлгі Қазақстан Республикасының Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізілімінің тізімін толықтырды. Метрологиялық сараптамадан сәтті өткеннен кейін стандартты үлгі оған Мемлекеттік мәртебесін беретін және сол арқылы Республиканың […]
Posted: 28.07.2020
Судағы радионуклидтердің құрамын бақылау тәсілдерінің бірі – су ортасының радиоэкологиялық мониторингі. Мониторинг жүргізу кезінде радионуклидтердің жергілікті «аялық» шоғырлануын анықтау маңызды және ажырамас бөлігі болып табылады. Радиациялық өлшемдердің нәтижелерін аялық мәндерді анықтау нәтижелерімен салыстыру қоршаған ортаның сапасының өзгеруінде қолайсыз үрдістерді анықтауға, осы өзгерістердің даму болжамын құруға және қажет болған жағдайда қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетуге бағытталған […]
Posted: 26.02.2021
2021 жылғы 22, 24-26 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы (ҚР ҰЯО) мен Жапонияның атом энергиясы жөніндегі агенттігінің (JAEA) ынтымақтастығы аясында онлайн-режімінде «Ядролық және радиологиялық апаттарға дайындық» тоғызыншы жыл сайынғы тренинг-курсы өтті. Курстың мақсаты – тыңдаушылардың радиациялық апаттық жағдайға уақытында және тиімді әрекет ету шаралары туралы базалық түсініктерін қалыптастыру, олардың дағдыларын жақсарту және тұрғындарды қорғау […]
Posted: 04.04.2018
ҚР Ұлттық ядролық орталығының «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарының медициналық және жабық түзету мекемелерінде рентген (медициналық, тексеру) жабдықтарының эксплуатациялық параметрлерін бақылау бойынша жұмыстар жүргізеді. Рентген жабдықтарының эксплуатациялық параметрлерін бақылау келісімшарттық негізде жұмыс орнына шығып және қондырғы сипаттамасының нормативтік талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды мен жабдықтың өлшенген […]
Posted: 07.08.2024
2024 жылдың 29 шілдесі мен 2 тамызы аралығында ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы базасында «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау. Радиациялық қорғаныс және қауіпсіздік» тақырыбында онлайн форматта біліктілікті жоғарылату курсы өтті. Оқытуға ҚР ҰЯО РМК және оның филиалдарының 28 қызметкері қатысты. Оқыту курсының бағдарламасы радиациялық қауіпсіздік саласындағы персоналдың құзыреттілігін […]