Posted: 04.04.2018
ҚР Ұлттық ядролық орталығының «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарының медициналық және жабық түзету мекемелерінде рентген (медициналық, тексеру) жабдықтарының эксплуатациялық параметрлерін бақылау бойынша жұмыстар жүргізеді. Рентген жабдықтарының эксплуатациялық параметрлерін бақылау келісімшарттық негізде жұмыс орнына шығып және қондырғы сипаттамасының нормативтік талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды мен жабдықтың өлшенген […]
Posted: 02.09.2019
2019 жылғы 28-29 тамыз аралығында ҚР ҰЯО Радиациялық қауіпсіздік және экология институты Экожүйелерді қалпына келтіру бөлімінің қызметкерлері – ЭБЗ тобының бастығы м.ғ.к. Л.Б. Кенжина және маман А.О. Кенжина Семей қаласындағы «Семей медициналық университеті» КАҚ өткен жыл сайынғы «Экология. Радиация. Денсаулық» XIV Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясына қатысты. Радиациялық экология және радиациялық қауіпсіздік, клиникалық медицинаның өзекті […]
Posted: 27.05.2022
2022 ж. 16 және 20 мамыр аралығында RER7013 «Жерасты суларының ресурстарын бағалау және жерасты және жербеткі суларының климаттың өзгеруіне бейімделу контекстіндегі өзара әрекеті» АТЭХАГ аймақтық техникалық ынтымақтастық жобасының шеңберінде Краков қ. (Польша) ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан қоршаған ортаның мониторинг жүйелерін әзірлеу бөлімінің инженері Т.Ж. Тоқтағанов қатысқан Аймақтық үйлестіру жиналысы болып […]
Posted: 26.08.2020
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы отандық өндірілетін радионуклидтік және элементтік құрамның стандартты үлгілерін жасау бойынша жұмысты жалғастыруда. Бүгінгі таңда Филиал әзірлеген тағы бір стандартты үлгі Қазақстан Республикасының Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізілімінің тізімін толықтырды. Метрологиялық сараптамадан сәтті өткеннен кейін стандартты үлгі оған Мемлекеттік мәртебесін беретін және сол арқылы Республиканың […]
Posted: 17.02.2021
2021 жылдың 15-19 ақпаны аралығында «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалында бейнеконференция форматында «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы дайындау. Радиациялық қорғаныс және қауіпсіздік» тақырыбында оқыту курстары жүріп жатыр. Оқушылар тобына ҚР ҰЯО РМК және оның филиалдарының, «DK Proekt» ЖШС мен «WHITE dent» ЖШС жұмыскерлері енеді. Барлығы 51 адам. Оқыту бағдарламасы ҚР радиациялық қауіпсіздікті […]
Posted: 01.09.2022
2022 жылғы 24-26 тамызда Гүлістан қаласында (Тәжікстан, Соғды облысы) Тәжікстан Ұлттық Ғылым академиясының Химиялық, биологиялық, радиациялық және ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық агенттігі, Халықаралық ғылыми-техникалық орталық, WiN Тәжікстан (women in Nuclear) ұлттық бөлімшесі ұйымдастырған «Ғылым, инновация және технологияны дамытудағы әйел ғалымдардың рөлі» атты III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталған Конференция ядролық және радиациялық қауіпсіздік, биоқауіпсіздік, химия, […]
Posted: 24.08.2017
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы 2013 жылдан бастап «Радиоэкология жөніндегі Еуропалық Альянс» халықаралық қауымдастығының мүшесі болып саналады. Альянс қызметі радиоэкологиялық зерттеулер жүргізумен, білім берумен, халықты ағартумен, білімдерді басқарумен, Альянс елдерінің лайықты ұйымдарымен, сонымен қатар, ЕО мекемелерімен және басқа халықаралық ұйымдармен (Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік, Радиологиялық қорғау жөніндегі халықаралық комиссия, Халықаралық […]