- Беткі және жерасты суларының, топырақ ылғалының, сонымен қатар, жаңбыр суының сынамаларын түрлі құрылғылардың көмегімен іріктеп алу және сақтау
- Су үлгілерін лазерлік анализаторында өлшеу үшін дайындау
- Деректерді LGR лазерлік спектрометрінде талдау
- LIMS деректер базасының жүйесімен танысу (алынған деректерді өңдеу)
- Лазерлік спектроскоптың ерекшеліктерімен танысу және деректерді түзету
- Изотоптар мен гидрохимиялық көрсеткіштерді интерпретациялау
- Гидрологиялық индикатор ретіндегі тритий
- Гидрологиялық индикатор ретіндегі көміртегі -14
- Нәтижелерді картографиялау – векторлық және растрлық деректер.
Изотоптық гидрология бойынша АТЭХАГ оқу курсы
05.11.2020
Қазіргі уақытта онлайн режімінде 2020 жылдың 02-06 қараша аралығында «Жерасты сулары ресурстарын бағалау және жерасты суларының беткі сулармен суалмасуы және олардың климаттың өзгеруіне әсері» RER7013 жобасының аясында АТЭХАГ изотоптық гидрология жөніндегі оқыту курсы жүріп жатыр.
Кездесуге изотоптық гидрология әдісін сәтті қолданатын әртүрлі 25 ұйымның өкілдері, оның ішінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының екі қызметкері бар: ҚОМЖӘБ мониторингілік зерттеулер зертханасының бастығы М.Р. Актаев және зертхана инженері Т.Ш. Токтаганов қатысуда.
Семинар келесі далалық және зертханалық бағыттар бойынша өтуде: