Жапонияда ҚР Ұлттық ядролық орталығы, Toshiba Energy Systems & Solutions Corp. и Marubeni Utility Services мамандары арасында 2-ғылыми-техникалық семинар өтті
19.11.2019
2019 жылғы 11-14 қараша арлығында Жапонияда ҚР Ұлттық ядролық орталығы, Toshiba Energy Systems & Solutions Corp. и Marubeni Utility Services мамандары арасында 2-ғылыми-техникалық семинар өтті. Семинарда Fukushima АЭС апат зардаптарымен байланысты техникалық және экологиялық мәселелерді шешудегі ынтымақтастықтың жаңа бағыттары талқыланды. Бүгінгі күндері алынған нәтижелер Fukushima АЭС апатты реакторларынан кориумды алу бойынша жұмыстардың белсенді фазаларын дайындауда және қолданыстағы реакторлардың қауіпсіздігін жоғарылатуда қажет. Алғашқы семинар 2019 жылдың маусым айында Ұлттық ядролық орталығы базасында өтті. Онда жапондық мамандарға ҚР ҰЯО тәжірибелік базасының мүмкіндіктері көрсетілген, ынтымақтастықты дамыту үшін өзара қызығушылықты танытатын бағыттар алдын ала анықталды.
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан филиал директоры А.О. Айдарханов және Қоршаған ортаны мониторингілеу жүйелерін әзірлеу бөлімі тасымал механизмдерін тәжірибелік зерттеу зертханасының бастығы А.К. Айдарханова қатысты. «Радиоэкология» бағыты бойынша А.О. Айдарханов «Антропогендік әсер ету салдарынан радиоактивті ластануға ұшыраған аумақты зерттеуге кешенді тәсілдер» тақырыбында, А.К. Айдарханова «Судағы -сәуле шығарушы радионуклидтер және ластанған суларды тазалау әдістері» тақырыбында ауызша баяндама ұсынды.
Семинар кезінде қатысушылар Оараи қ. Тошиба еншілес компаниясының Nippon Nuclear Development (NFD) зауытына, Йокогама қ. Тошиба компаниясының Isogo (Isogo Nuclear Engineering Center) инженерлік орталығына, Кавасаки қ. Укишима инженерлік зертханасына барып қайтты.