Posted: 26.03.2018
1 наурызда ХҒТО-ның қосалқы мердігері ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы болып табылатын «Семей сынақ полигонындағы жалпы экологиялық жағдайды қалыптастыруға химиялық токсиканттардың әсерін зерттеу» жобасы бастау алды. Аталған жоба Астана қаласында Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың бас офисінің ашылуы кезінен бастап Қазақстанда жүзеге асырылатын бірінші жобалардың бірі болып табылады. Оның мақсаты – Семей сынақ […]
Posted: 05.11.2020
Қазіргі уақытта онлайн режімінде 2020 жылдың 02-06 қараша аралығында «Жерасты сулары ресурстарын бағалау және жерасты суларының беткі сулармен суалмасуы және олардың климаттың өзгеруіне әсері» RER7013 жобасының аясында АТЭХАГ изотоптық гидрология жөніндегі оқыту курсы жүріп жатыр. Кездесуге изотоптық гидрология әдісін сәтті қолданатын әртүрлі 25 ұйымның өкілдері, оның ішінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Радиациялық қауіпсіздік […]
Posted: 14.10.2019
2019 жылғы 7-11 қазан аралығында АТЭХАГ қолдауымен Терсо қ. (Ұлыбритания) 9 миль жерде орналасқан Дунрей ядролық-энергетикалық әзірлемелер британдық орталығының базасында «Жерлердің ластану сипаттамаларын анықтаудың стратегиясы мен аспаптары» техникалық кездесу өтті. Қазіргі уақытта Дунрей өзіне жылдам нейтрондардағы ядролық-энергетикалық қондырғыларды қосады және көптеген радиоактивті нысандарды тазарту мен бұзуға байланысты ядролық нысандарды жабу жөніндегі ең күрделі жобалардың бірі […]
Posted: 21.06.2022
2022 жылғы 13-15 маусым аралығында Черногория, Котор қаласында «Адриатиканың биоалуантүрлілігін қорғау – AdriBioPro-2022» Халықаралық конференциясы өтті, оның шеңберінде АТЭХАГ TC RER7015 – «Ядролық аналитикалық әдістерді пайдалана отырып, Жерорта, Қара, Каспий және Арал теңіздерінің жағалау аймақтарын басқаруды жақсарту» жобасы бойынша кездесу өтті. Конференция Адриатика теңізінің биоалуантүрлілігін қорғау, жағалау мен теңіз аймақтарын сақтау және теңіз ресурстарын тұрақты пайдалану […]
Posted: 25.12.2023
2023 жылғы 20-22 желтоқсан аралығында РҚЭИ филиалының 6 қызметкері «МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 талаптарына сәйкес сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар. ҚР СТ ISO 19011-2019 талаптарына сәйкес менеджмент жүйелерінің ішкі аудиті» тақырыбында оқытудан өтті. Білім алушылардың құрамына бөлімшелердің басшылары және «Радиоэкологиялық зерттеулер орталығы» сынақ орталығының сапасы бойынша жауапты тұлғалар, сондай-ақ филиалдың аккредиттелген бөлімшелеріне аудит […]
Posted: 20.09.2019
2019 жылғы 19 қыркүйекте Өскемен қаласында Үлбі металлургия зауытының Көрмелік-ақпараттық орталығында «Жастар. Ғылым. Инновациялар» ІІІ Жастар ғылыми-техникалық конференциясы өтті. Конференцияға «Үлбі металлургия зауыты» АҚ, «Инкай» ЖШС, «Машзавод» ЖШС, «Казцинк» ЖШС сияқты Қазақстан Республикасының түрлі кәсіпорындарының ғалымдары мен мамандары қатысты. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан: Зерттеу деректерін талдау тобының 1 санатты технигі […]
Posted: 27.05.2019
2019 жылғы 23-26 сәуір аралығында Түркияда (Кушадасы қ.) радиоэкологиядағы «in situ» ядролық әдістеріне арналған INSINUME 2019 VIII халықаралық симпозиумы өтті. Аталған іс-шараға Франция, Португалия, Бельгия, Литва, Венгрия, Түркия, Беларусь, Ресей, Қазақстан, Украина және т.б. сияқты әлемнің әртүрлі елдерінің ғалымдары мен мамандары қатысты. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан симпозиумға аналитикалық зерттеулер бөлімінің […]