Posted: 13.09.2019
Курчатов қаласына жұмыс сапарының бірінші күнінде Корея Республикасы Бірлесу министрлігінің қызметкерлері ҚР ҰЯО РМК басшылығымен кездесіп, ситуациялық орталыққа барды. Делегаттар Радиациялық қауіпсіздік және экология институтына, атап айтқанда, экожүйелерді кешенді зерттеу бөліміне, аналитикалық зерттеулер бөліміне, Семей сынақ полигоны тарихының мұражайына, «Тәжірибе даласы» сынақ алаңына барды. Сондай-ақ делегаттар Атом энергиясы институты Токамак КТМ нысанына да барды.
Posted: 11.03.2020
Қалыптасқан тәжірибе бойынша, біліктіліктерін жоғарылату курстарынан өткен ҚР ҰЯО «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қызметкерлері алған білімдерімен өз әріптестерімен бөлісіп отырады. Осы жолы да «Республикалық техникалық реттеу, стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі академия» ЖШС (Нұр-Сұлтан қ.) оқытудан өткен инженерлер А. Топорова мен Р. Ролланұлы 2020 жылғы 10 наурызда «Термолюминесцентті дозиметрлер мен радиациялық шығуларды өлшеулердің […]
Posted: 30.10.2024
2024 жылғы 23-24 қазан аралығында «Курчатов институты «Ұлттық зерттеу орталығының Бүкілресейлік радиология және агроэкология ғылыми-зерттеу институты» ФМБУ-да Курчатов геномдық форумының алаңында «Ауыл шаруашылығындағы генетикалық және радиациялық технологиялар» атты III Халықаралық жастар конференциясы өтті. Конференция аясында «Радиоэкология мен агроэкологияның іргелі және қолданбалы аспектілері» секциясының жұмысы өткізілді, онда радиациялық факторлардың экожүйелер мен ауыл шаруашылығына әсерінің өзекті мәселелері, […]
Posted: 08.11.2018
АТЭХАГ Техникалық ынтымақтастық жобаларын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 8 қарашасында ҚР Ұлттық ядролық орталығына АТЭХАГ Техникалық кооперациясы департаментінің өкілі Katherina Deufrains (Катерина Дюфрейнс) келді. Сапарының негізгі мақсаты АТЭХАГ ТЫ ұлттық жобаларын іске асыру мәселелері болып табылады, бүгінгі күнде олар бойынша Ұлттық ядролық орталығында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл «Реакторлық қондырғының ақпараттық – өлшеу жүйесін әзірлеу» […]
Posted: 25.06.2020
Жыл сайын рентгенологиялық зерттеулер саны артып келеді, сондықтан негізінен рентгенодиагностикалық жабдықтың күйі мен жұмысының дұрыстығына тәуелді болатын жүргізілетін зерттеулердің сапасы туралы сұрақ бірінші орынға қойыла бастады. Рентгенодиагностикалық жабдықтың жұмысындағы кез келген ауытқулар пациенттерге түсетін дозалық жүктеменің жоғарылауына тікелей әсер етеді. Қазақстан Республикасының нормативтік талаптарына сәйкес рентгенодиагностикалық жабдықтың эксплуатациялық параметрлерін бақылауды кезеңмен қалыпты пайдалану кезінде рентгенаппараттың […]
Posted: 26.11.2024
2024 жылғы 19-23 қараша аралығында Венгрияның Вонярцвашхед қаласында «Terrestrial Radioisotopes in Environment International Conference Environmental Protection (TREICEP-2024)» IX Халықаралық конференциясы өтті, оның ұйымдастырушысы University of Pannonia (Веспрем қ., Венгрия). ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан конференция жұмысына 3 қызметкер – А.Е. Кундузбаева, Ю.В. Бакланова, С.Б. Субботин қатысты. Сондай-ақ конференцияға Венгрия, Польша, Жапония, […]
Posted: 05.11.2019
Экскурсия барысында оқушылар өз қалаларының тарихы туралы, аса көрнекті физик-экспериментатор И.В. Курчатовтың өмірі және қызметі туралы, ядролық сынақтар және олардың зардаптары туралы көптеген қызықты мағлұматтарды біліп қайтты.
Posted: 26.01.2024
17 және 19 қаңтар аралығында Алматы қаласында, «Ядролық физика институты» РМК Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығының (ЯҚОО) базасында, АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі Ұлттық әкімшілігінің ядролық оқыс оқиғалар саласындағы саясат пен ынтымақтастық басқармасы «Жетілдірілген спектралды радиологиялық компьютерлік жүйеге (SPARCS) оқу және техникалық қызмет көрсету» семинарын өткізді, онда ҚР ҰЯО РҚЭИ филиалының радиологиялық зерттеулер бөлімінің бастығы В.В.Божко қатысты.
Posted: 15.04.2020
Өзінің Туған Күнінде Курчатов қ. ардагер майдангерлерінің бірі құттықтауларды қабыл алуда. Туған күн иесін осы мерекесімен «ҚР ҰЯО» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының өкілдері құттықтап, соғыс жылдарындағы өшпес ерлігі мен бейбіт күндердегі адал еңбегі үшін шынайы алғысын білдіріп, мықты денсаулық, өмірге деген құлшыныс пен молшылық тіледі!