Posted: 20.04.2018
2018 жылғы 19-20 сәуір аралығында Обнинск қаласында «МИФИ» (МИФИ ҰЗЯУ АТЭИ) Ұлттық зерттеу ядролық университеті филиалы – Атом энергетикасы институты базасында «Техногенді жүйелер және экологиялық қатер» ІІ Халықаралық (XV Аймақтық) ғылыми конференциясы өтті. Конференцияның пленарлық және секциялық отырыстарында радиоэкология, ядролық және жылу энергетикасы салаларындағы өзекті мәселелер қарастырылды. «Иондаушы емес және иондаушы сәулелену әрекеттерінің экологиялық аспектілері» […]
Posted: 15.02.2021
«Ядролық аналитикалық әдістердің көмегімен Жерорта, Қара, Каспий және Арал теңіздерінің жағалауындағы аудандарды басқаруды жақсарту» RER7015 АТЭХАГ жобасының шеңберінде ағымдағы жылдың 11 ақпанында онлайн-кездесу өтті, оған Қоршаған ортаны мониторингілеу жүйелерін әзірлеу бөлімі тасымал механизмдерін тәжірибелік зерттеу зертханасының бастығы А.К. Айдарханова қатысты. Кездесуде қарастырылған негізгі мәселе – қоршаған ортаға зерттеу жүргізген кезде сапа менеджменті жүйесін дамыту және […]
Posted: 21.05.2020
Лицензиялау туралы заңға сәйкес, бұрынғы сынақ полигонында осы тәрізді жұмыстарды жүргізу радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптар мен нормалар қатаң сақталғанда ғана жүргізілуі мүмкін. Осыған байланысты, ҚР ҰЯО «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы ССП шаруашылық қызмет жүргізетін кәсіпорындарға радиациялық ілеспелерді үнемі жүзеге асырып отырады. Жұмыстар жүргізілетін жерлерде ауа және су ортасына радиациялық мониторингілеу, топырақтағы […]
Posted: 22.04.2024
2024 жылғы 18-19 сәуір аралығында Астана қаласында халықаралық қатысумен МУА КЕАҚ радиобиология және радиациялық қорғау ҒЗИ 20 жылдығына арналған «Уран өндіруші өңірлердегі медициналық-биологиялық және экологиялық проблемалар» Х Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Posted: 03.11.2017
Сиднейде Ядролық ғылымдар және технологиялар жөніндегі Австралия ұйымында 23-27 қазан аралығында Азиядағы Ядролық серіктестік форумы шеңберінде (FNCA) «Ядролық және изотоптық технологияларды пайдалана отырып, климаттық өзгерістерді зерттеу» кеңесі өтті, оған Қазақстаннан РҚЭИ филиалы директорының қолданбалы зерттеулер жөніндегі орынбасары – Асан Айдарханов қатысты. Аталған іс-шараға Бангладеш, Қытай, Индонезия, Жапония, Малайзия, Моңғолия, Филиппин және Таиланд елдері де қатысты. […]
Posted: 21.04.2021
Ағымдағы жылдың 14-16 сәуірі аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ядролық физика институты базасында Қазақстанның Ғылым күніне арналған «Атом. Ғылым. Технологиялар» І Халықаралық мектеп-конференциясы өтті. Қатысушылары жетекші қазақстандық және шетелдік ғалымдар болды, олар ғылыми мектепті жас ғалымдар мен мамандарды конференция тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулердің соңғы нәтижелерімен таныстыру, жас ғалымдар зерттеулерінің барысы мен нәтижелерін талқылау мақсатында […]
Posted: 05.11.2019
2019 жылғы 28 қазанда келу бағдарламасының шеңберінде Ирландиядан келген БҰҰ өкілдері Семей сынақ полигоны (ССП) мұражайында болып қайтты. Мұражай қонақтары полигонның құрылу және даму тарихымен, ядролық сынақтардың жүргізілу ерекшеліктерімен және ССП аумағындағы қазіргі кездегі радиациялық ахуалмен танысты.
Posted: 04.10.2019
30 қыркүйектен 4 қазанға дейін «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалында «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау. Радиациялық қорғаныс және қауіпсіздік» тақырыбында оқыту курстары өтті. Дәрістік және тәжірибелік сабақтар «АЛЬЯНС-МEDICA» ЖШС мен «Үлбі металлургия зауыты» АҚ (Өскемен қ.) қызметкерлері үшін, сонымен қатар, ҚР ҰЯО РҚЭИ филиалының қызметкерлері үшін жүргізілді. Оқытудан жалпы 21 адам […]