ҚР ҰЯО РМК жас ғалымдары мен мамандарының ҒЗТКЖ ХIХ конференция-конкурсы 15-17 шілде 2020 жыл Курчатов қ., ШҚО, Қазақстан Республикасы

ҚР ҰЯО РМК жас ғалымдары мен мамандарының ҒЗТКЖ ХIХ конференция-конкурсы 15-17 шілде 2020 жыл Курчатов қ., ШҚО, Қазақстан Республикасы

24.01.2020 ж. ішкі №03-17/05 ҚР ҰЯО РМК бойынша өкімнің, Бас директордың 16.04.2020 ж. № 22а бұйрығының орындалуы үшін Курчатов қаласында ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының базасында 2020 ж. 15-17 шілде аралығында ҚР ҰЯО РМК жас ғалымдары мен мамандарының ҒЗТКЖ ХIХ конференция-конкурсы өткізілетін болады. ҚР ҰЯО РМК жас ғалымдары мен мамандарының кеңесі мен ұйымдастыру комитеті ҚР ҰЯО РМК, РМК ГЗИ, РМК ЯФИ кәсіпорындарының 35 жасқа дейінгі қызметкерлерін ҚР ҰЯО РМК қызметінің тақырыбына қатысты жұмыстарымен (іргелі, қолданбалы, инженерлік-техникалық) конференция-конкурсқа қатысуға шақырады.

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы

АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ

«ҚР ҰЯО Жаршысы». Журнал «Адам. Энергия. Атом»

ЖҰМЫС КЕСТЕСІ

14 шілде, сейсенбі – келетін күн, тіркелу

15 шілде, сәрсенбі – тіркелу, ашылуы, конкурсанттардың баяндамалары

16 шілде, бейсенбі – конкурсанттардың баяндамалары

17 шілде, жұма – конкурстың аяқталуы, экскурсиялар

18 шілде, сенбі – қайтатын күн

МАҢЫЗДЫ КҮНДЕР

27 наурыз – конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі

13 сәуір (сағат 18-ге дейін) – конкурстық жұмыстарды тапсыру мерзімі

17 сәуір – конкурсқа жіберу туралы шешім және жеребе тастау

01 шілде – екінші ақпараттық хабарламаның шығуы

14 тамыз – «ҚР ҰЯО Жаршысы» журналында жариялау үшін жұмыстарды тапсыру мерзімі

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ КОМИТЕТ

Төраға:

Айдарханов Асан Оралханович – ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының директоры, тел +7 (722-51) 3-34-13, e-mail: Asan@nnc.kz

Хатшы:

Серая Ольга Вениаминовна – ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы ғылыми-ақпараттық бюросының бастығы, тел. +7 (722-51) 3-22-44; e-mail: Seraya@nnc.kz

Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:

Трущенко Татьяна Евгеньевна – ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының ғылыми-аналитикалық ақпарат және халықаралық қызметтестік бөлімінің бастығы, тел. +7 (722-51) 3-31-25; 44-72 (ішкі); e-mail: Truschenko@nnc.kz

Буданова Гульмира Омарбековна – ҚР ҰЯО РМК Бюджеттік бағдарламалар және кадрларды дайындау бөлімінің маманы, тел: +7 (722-51) 3-33-33 (ішкі 430); e-mail: Budanova@nnc.kz

Юрьева Татьяна Николаевна – ГЗИ РМК жетекші инженері, тел. +7 (722-51) 3-47-77 (ішкі 137);  e-mail: Yuryeva@igr.kz

Бекмулдин Максат Куатбекович – ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының кіші ғылыми қызметкері, ҚР ҰЯО РМК ЖҒМК мүшесі, тел.+7(722-51) 3-31-25 ішкі 9-381; e-mail: Bekmuldin@nnc.kz

ӘДІЛ ҚАЗЫЛАР

Төраға:

Витюк Владимир Анатольевич – PhD, ҚР ҰЯО РМК бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары

Төрағаның орынбасары:

Умаров Мурат Алпыспаевичх.ғ.к., ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы директорының орынбасары

Әділ қазылар хатшысы:

Баранов Сергей Александрович – б.ғ.к., ҚР ҰЯО РМК Бюджеттік бағдарламалар және кадрларды дайындау бөлімінің бас маманы

Әділ қазылар мүшелері:

Субботин Сергей Борисович – PhD, ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының қоршаған ортаны мониторингілеу жүйесін әзірлеу бөлімінің (ҚОМЖӘБ) аға ғылыми қызметкері;

Вурим Александр Давидович – ф-м. ғ.к., ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының ядролық технологиялар жөніндегі бас маманы;

Игибаев Улан Аманович – ҚР ГЗИ РМК кешенді геофизикалық зерттеулер бөлімінің бастығы;

Сапатаев Ержан Ернатұлы – PhD, ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының радиациялық материалтану зертханасының бастығы;

Мамытбеков Ғалымжан Куламкадырович – х.ғ.д., ҚР ҰЯО РМК Кешенді экологиялық зерттеулер орталығының БҒҚ;

Миниязов Арман Жанарбекович – ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының термоядролық реактор жағдайында материалдарды сынау зертханасының бастығы, ҚР ҰЯО РМК ЖҒМК өкілі.

«ҚР ҰЯО РМК жас ғалымдары мен мамандарының ҒЗТКЖ жылсайынғы конференция-конкурсын ұйымдастыру және өткізу туралы ережеден» алынған:

Конкурсқа біртуар ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер (ғылыми мақалалар, баяндамалар түрінде конференциялар немесе есептер түрінде соңғы 2 жылда жарияланған) жіберіледі, олар маманның жеке зерттеулері немесе мамандар тобы (4 автордан көп емес) болуы тиіс.

Конкурсқа ұсынылатын өтінімдер ҒТК және Институттардың ғылыми кеңесінің шешімімен жіберіледі.

Конкурсқа қатысушылар конференция-конкурс басталуға 1 ай қалғанға дейін МемСТ 7.32-2017 сәйкес рәсімделген жұмысын әділ қазылар хатшысына ұсынады.

Конкурстық жұмыстар 2 түрлі нұсқада – электронды және қағаз түрінде – ҒТК үзінді көшірмесімен бірге тапсырылады. Баяндамалар бойынша мақалалардың мәтіндері ұйымдастыру комитетінің хатшысына оның мүшелері арқылы жіберіледі.

«ҚР ҰЯО Жаршысы» журналында жариялауға арналған журналдар http://www.nnc.kz/trebovania.html сайтында және журналда келтірілген, рәсімделу талаптарына сәйкес дайындалады.

Конкурстан тыс қатысу үшін басқа да ғылыми және оқыту ұйымдарынан жас ғалымдар мен мамандар шақырылады.

ӨТІНІМДЕРДІ, ЖҰМЫСТАРДЫ, МАҚАЛАЛАРДЫ БЕРУ

Өтінім формасы ҚР ҰЯО веб-сайтында бар http://www.nnc.kz/ Өтінімдер мен жұмыстарды ұйымдастыру комитетінің төменде көрсетілген мүшелері арқылы жіберуді сұраймыз:

Серая Ольга Вениаминовна (РҚЭИ филиалы)
тел. +7 (72251) 2-22-44, +7(72251) 2-29-13 (қосымша 1-16); e-mail: Seraya@nnc.kz

Трущенко Татьяна Евгеньевна (АЭИ филиалы)
тел. +7 (722-51) 2-31-25, 4-72 (ішкі); e-mail: Truschenko@nnc.kz

Буданова Гульмира Омарбековна (ҚР ҰЯО РМК)
тел. +7 (722-51) 2-33-33(ішкі 430), e-mail: Budanova@nnc.kz

Юрьева Татьяна Николаевна (ГЗИ РМК)
тел. +7 (722-51) 3-47-77 (ішкі 137); e-mail: Yuryeva@igr.kz

БАЙЛАНЫСУ МЕКЕНЖАЙЫ

ҚР Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК

071100, ШҚО, Курчатов қ., Бейбiт атом к-сі, 2Б

Буданова Г.О. – e-mail:Budanova@nnc.kz

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы

071100, ШҚО, Курчатов қ., Бейбiт атом к-сі 2; 23-ғимарат

Серая О. В. –e-mail: Seraya@nnc.kz