Жарияланған: 24.06.2024
2024 жылғы 17-21 маусым аралығында Герцег-Нови қаласында (Черногория) 12 Халықаралық ғылыми конференциясы RAD 2024 (XII International conference of radiation, natural sciences, medicine, engineering, technology and ecology) өтті. Конференцияға радиациялық физика, информатика, материалтану, химия, медицина, биология және экология саласындағы 30 елден 130-дан астам ғалымдар мен мамандар қатысты. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан […]
Жарияланған: 05.09.2017
2017 жылғы 16-18 тамыз аралығында Астана қаласында ЕХРО – 2017 халықаралық көрмесінің шеңберінде радиациялық зерттеулер жөнінде IV Азиа конгрессі өтті. Конгресске Қазақстаннан және 10 шетел елдерінен (Жапония, Ресей, Франция, Оңтүстік Корея, Қытай, Австрия, Иран, Индия) ғалымдар мен мамандар, сонымен қатар, АТЭХАГ, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінен, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінен, «Қазатомпром ҰАҚ» АҚ өкілдері қатысты. […]
Жарияланған: 19.04.2022
2022 жылғы 15-16 сәуірде М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалында Мәскеу университеті өткізетін «Ломоносов – 2022» Халықаралық Жастар ғылыми форумының құрамдас бөлігі болып табылатын және қазіргі заманғы қоғамның дамуындағы іргелі ғылымның рөліне арналған «Ломоносов – 2022» студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың XVII Халықаралық ғылыми конференциясы өтті. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология […]
Жарияланған: 02.03.2020
2020 жылғы 26-28 ақпан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Техникалық реттеу, стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі республикалық академия» ЖШС «Калибрлеу/тексеру және сынақ зертханаларындағы екіұштылықты бағалау жөніндегі практикалық дағдылар» оқыту семинары өтті. Семинарға ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан Топорова Анна және Ролланұлы Руслан қатысты. Аталған семинар барысында аналитикалық өлшеулер екіұштылығын бағалау, оның жіктемелері және […]
Жарияланған: 23.01.2024
2020-2023 жылдар аралығында «Ғылым бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін» бағдарламасы шеңберінде ҚР ҰЯО Радиациялық қауіпсіздік және экология институты филиалы «Радиологиялық авариялық жағдайларда сұрыптаудың жаңа биологиялық және физикалық әдістері» (BioPhyMeTRE) NATO № SPS985684 халықаралық ғылыми гранттық жобасын іске асырды.
Жарияланған: 27.12.2019
Аталған іс-шараның ұйымдастырушысы Курчатов қаласының «Жастар ресурстық орталығы» КММ. Форум бағдарламасы шеңберінде «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының Ғылыми-техникалық ақпараттар бюросының (ҒТАБ) қызметкерлері Курчатов қаласының тұрғындарына Семей сынақ полигоны (ССП) мұражайының жылжымалы көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде «Тәжірибе алаңының», ұңғымалардың, штольнялардың жарылысқа дейінгі және кейінгі мобилді макеттері ұсынылды. Сонымен қатар, ССП экожүйесінің қазіргі кездегі радиоэкологиялық ахуалы туралы […]