Posted: 14.10.2019
2019 жылғы 7-11 қазан аралығында АТЭХАГ қолдауымен Терсо қ. (Ұлыбритания) 9 миль жерде орналасқан Дунрей ядролық-энергетикалық әзірлемелер британдық орталығының базасында «Жерлердің ластану сипаттамаларын анықтаудың стратегиясы мен аспаптары» техникалық кездесу өтті. Қазіргі уақытта Дунрей өзіне жылдам нейтрондардағы ядролық-энергетикалық қондырғыларды қосады және көптеген радиоактивті нысандарды тазарту мен бұзуға байланысты ядролық нысандарды жабу жөніндегі ең күрделі жобалардың бірі […]
Posted: 10.12.2020
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» (ҚР ҰЯО РҚЭИ) филиалының Оқыту-ақпараттандыру орталығында 2020 жылғы 07-11 желтоқсан аралығында «Радиациялық қорғаныс және қауіпсіздік» тақырыбы бойынша радиациялық қауіпсіздікті және радиациялық бақылауды қамтамасыз етуге жауапты мамандары (А тобының персоналы) үшін кезекті онлайн оқыту жүргізілуде. Филиалдың жетекші мамандары арасынан құрылған дәріскерлер құрамы радиациялық бақылау жабдықтары […]
Posted: 21.04.2018
2018 жылғы 20 және 21 сәуірде Астана қаласында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалында Астана қаласының 20-жылдығына арналған «Ломоносов – 2018» студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың ХIV халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Аталған конференцияға қатысу үшін әлемнің түрлі елдерінің жас ғалымдарынан 450 аса тезис ұсынылған болатын. Бұл іс-шараға 154 номинант қатысып, ауызша баяндамаларымен таныстырған. […]
Posted: 12.06.2023
М.В.Ломоносов атындағы ММУ Мәскеу мемлекеттік университеті мен Қазақстан Республикасының «Ұлттық ядролық орталығының» арасындағы ежелгі серіктестік қарым-қатынас шеңберінде 2023 жылғы 5 маусымда ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалына аға ғылыми қызметкер Кузьменкова Наталья Викторовнаның басқаруымен құрамы 5 адамнан тұратын ММУ (Ресей) делегациясы келді. Қатысушыларға «Байкал-1» зерттеу реактор кешенінде, «Тәжірибе даласы» алаңында, «Токамак КТМ», […]
Posted: 21.04.2021
Ағымдағы жылдың 14-16 сәуірі аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ядролық физика институты базасында Қазақстанның Ғылым күніне арналған «Атом. Ғылым. Технологиялар» І Халықаралық мектеп-конференциясы өтті. Қатысушылары жетекші қазақстандық және шетелдік ғалымдар болды, олар ғылыми мектепті жас ғалымдар мен мамандарды конференция тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулердің соңғы нәтижелерімен таныстыру, жас ғалымдар зерттеулерінің барысы мен нәтижелерін талқылау мақсатында […]
Posted: 14.06.2024
2024 жылғы 10-11 маусым аралығында Алматы қаласында Жапонияның атом энергетикасы агенттігінің (JAEA) Ядролық адам ресурстарын дамыту орталығының, Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мен Ядролық физика институтының ғылыми – техникалық ынтымақтастығының 30 жылдығына ұштастырылған Steering Committee Meeting – SCM2024 Басқарушы комитетінің отырысы өтті. JAEA ядролық адам ресурстарын дамыту орталығының делегациясын Yoshihiro Nakano директоры және Takehisa Ohkura […]
Posted: 24.09.2018
2018 жылғы 03-07 қыркүйек аралығында ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының қызметкері Актаев Медет «Ядролық қондырғыларды орнату кезіндегі радиологиялық әсер етулерді, топан суды және геотехникалық аспектілерді бағалау» сұрағы бойынша Азия желісінің аймақтық тобы АТЭХАГ сарапшыларының жыл сайынғы кездесуіне қатысты, кездесу биылғы жылы Таиланд, Бангкок қаласында өтті. Кеңес қатысушылары ядролық қондырғыларды пайдаланудың халықаралық нормативтік-құқықтық талаптары мен геотехникалық […]
Posted: 26.08.2020
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы отандық өндірілетін радионуклидтік және элементтік құрамның стандартты үлгілерін жасау бойынша жұмысты жалғастыруда. Бүгінгі таңда Филиал әзірлеген тағы бір стандартты үлгі Қазақстан Республикасының Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізілімінің тізімін толықтырды. Метрологиялық сараптамадан сәтті өткеннен кейін стандартты үлгі оған Мемлекеттік мәртебесін беретін және сол арқылы Республиканың […]
Posted: 26.02.2021
2021 жылғы 22, 24-26 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы (ҚР ҰЯО) мен Жапонияның атом энергиясы жөніндегі агенттігінің (JAEA) ынтымақтастығы аясында онлайн-режімінде «Ядролық және радиологиялық апаттарға дайындық» тоғызыншы жыл сайынғы тренинг-курсы өтті. Курстың мақсаты – тыңдаушылардың радиациялық апаттық жағдайға уақытында және тиімді әрекет ету шаралары туралы базалық түсініктерін қалыптастыру, олардың дағдыларын жақсарту және тұрғындарды қорғау […]