Posted: 25.08.2023
Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні қарсаңында ҚР Ұлттық ядролық орталығы қазақстандықтар, сондай-ақ алыс және жақын шетел тұрғындары үшін Семей сынақ полигоны (ССП) тарихының экспозициялық залына экскурсиялар ұйымдастырды. Экспозиция түпнұсқалық экспонаттармен, ғылыми құжаттармен ұсынылды. Қорда шамамен 100 жуық бірлік сақталады. 1955 жылы шығарылған 1-буынды AП2 бағдарламалық автоматы экспозицияның бірегей жәдігері болып табылады, ол ядролық зарядтарды […]
Posted: 08.11.2019
2019 жылғы 16-18 қазан аралығында Швейцарияда (Шварценбург қ.) ALMERA аналитикалық зертханалар желісі өкілдерінің үйлестіру кездесуі өтті. Іс-шара АТЭХАГ қолдауымен Тұрғындарды ядролық, биологиялық және химиялық қатерлер мен қауіптіліктерден қорғау институтының (Spiez Laboratory) базасында жүргізілді. Кездесу барысында зертханалардың жыл сайынғы кәсіби тестілерінің нәтижелері қарастырылды. Қысқа мерзімді гамма-сәуле шығарушы радионуклидтердің белсенділіктерін анықтау және қоршаған ортаның түрлі үлгілерінің жиынтық […]
Posted: 26.02.2021
2021 жылғы 22, 24-26 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы (ҚР ҰЯО) мен Жапонияның атом энергиясы жөніндегі агенттігінің (JAEA) ынтымақтастығы аясында онлайн-режімінде «Ядролық және радиологиялық апаттарға дайындық» тоғызыншы жыл сайынғы тренинг-курсы өтті. Курстың мақсаты – тыңдаушылардың радиациялық апаттық жағдайға уақытында және тиімді әрекет ету шаралары туралы базалық түсініктерін қалыптастыру, олардың дағдыларын жақсарту және тұрғындарды қорғау […]
Posted: 21.09.2018
2018 жылғы 17-21 қыркүйек аралығында Ресей, Санкт-Петербург қаласында Ресей ғылымдар академиясы «Росатом» Мемлекеттік корпорациясымен және «В.Г. Хлопин атындағы радий институты» АҚ бірлесе ұйымдастырған халықаралық қатысумен «РАДИОХИМИЯ-2018» IX Ресей конференциясы өтті. Радиохимия жөніндегі Ресей ғылыми конференциясы жетекші ресей ғылыми және технологиялық орталықтарында үш жылда бір рет өткізілетін дәстүрлі іс-шара болып табылады. 2018 жылғы іс-шара Ресей, Беларусь, […]
Posted: 10.11.2023
«Шығыс Қазақстанның тау-кен аудандарының геожүйелерін трансформациялау көрсеткіші ретінде шағын өзендерді экологиялық бағалау» AP19576259 ЖТН жобасын іске асыру шеңберінде МЭАЗБ элементтік талдау зертханасының инженерлері В.В. Колбин және Е.З. Шакенов 2023 жылғы 30 қазаннан 2023 жылғы 03 қарашаға дейін «Росатом техникалық академиясы» ҚКБ АКҰ-да (Обнинск қ., Ресей) өткен «Индуктивті байланысқан плазмамен масс-спектрометрия әдісін практикалық қолдану негіздері» біліктілікті […]
Posted: 07.12.2018
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» алдынғы білімдерін тереңдету және кәсіпорынның бүкіл жұмысының сапасы мен тиімділігін жоғарылату үшін жаңа кәсіби білім мен дағдылар алу мақсатында өз қызметкерлерінің біліктіліктерін жоғарылатып отырады. 2018 жылғы 13-23 қараша аралығында Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласындағы Росатом Техникалық академиясында «РЗ мен РАҚ мемлекеттік есепке алу және бақылау жүйесі» оқыту курсы […]
Posted: 04.09.2020
2020 жылғы 3 қыркүйек сағ. 16:00-де Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған онлайн кездесу өтті. Шара ұйымдастырушысы Kazakhstan American Corners. Радиациялық қауіпсіздік және экология институтынан «Семей полигоны. Тарихы және қазіргі ахуалы» тақырыбында Оқу-ақпараттық орталығының қызметкерлері А.О. Омарханова мен А.Е. Каиржанов баяндама жасады. Баяндама барысында Семей сынақ полигонының интерактивті карталарының материалдары (мұрағаттық фото-бейне материалдар, радионуклидтардің […]