Posted: 20.06.2019
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы үшін келісімшарттық негізде өндірістік, дипломалды іс-тәжірибелерді ұйымдастыру дәстүрге айналған, айта кететіні, тек Қазақстанның оқу орындарынан ғана емес, студенттер ТМД елдерінен де келуде. Атап айтсақ, екінші жыл қатарынан Аналитикалық зерттеулер бөлімінде М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің химия факультеті радиохимия кафедрасының 5 курс студенттері іс-тәжірибеден өтеді. Биылғы […]
Posted: 21.02.2020
2020 жылғы 17-20 ақпан аралығында «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалында «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау. Радиациялық қорғаныс және қауіпсіздік» тақырыбында ҚР ҰЯО РМК жұмыскерлері үшін оқыту курстары өтті. Дәрістік және практикалық сабақтарға барлығы 41 қызметкер қатысты. Курс бағдарламасына ҚР радиациялық қауіпсіздік саласындағы заңнамалық базасының сұрақтары, радиоактивтіліктің негізгі түсініктері және иондаушы сәулелендірулер […]
Posted: 06.12.2022
2022 жылғы 02 желтоқсанда, Астана қ. «Қазақстанның ядролық потенциалы» ассоциациясының ұйымдастыруымен жыл сайынғы XVIII жастар семинары өтті. Семинарда 6 бағыт қарастырылды: ядролық өнеркәсіп саласында кадрларды даярлау; радиоэкология, геофизика мәселелері; уран өндіретін өнеркәсіпті дамыту; атом станцияларын пайдалану; заманауи ядролық физика; атом энергиясы және ядролық физика мәселелері. Семинарда Қазақстан Республикасының ҚР ҰЯО РМК, «СТХК» ЖШС, «Қызылқұм» ЖШС, […]
Posted: 15.06.2023
2023 жылғы 14 маусымда «Жалпыресейлік радиология және агроэкология ғылыми-зерттеу институты» ФМБҒМ, Обнинск қ. жанындағы 24.1.013.01 (Д 006.068.01) Диссертациялық кеңесте биологиялық ғылымдар кандидаты ғылыми дәрежесіне ізденуші Асия Еркебековна Кундузбаева «Семей сынақ полигонының топырағындағы радиоактивті ластану қалыптасуының әртүрлі жағдайлары кезіндегі жасанды радионуклидтердің қозғалғыштығын зерттеу» кандидаттық диссертациясын табысты қорғап шықты. Радиациялық қауіпсіздік және экология институтындағы өз еңбек қызметін […]
Posted: 15.02.2021
«Ядролық аналитикалық әдістердің көмегімен Жерорта, Қара, Каспий және Арал теңіздерінің жағалауындағы аудандарды басқаруды жақсарту» RER7015 АТЭХАГ жобасының шеңберінде ағымдағы жылдың 11 ақпанында онлайн-кездесу өтті, оған Қоршаған ортаны мониторингілеу жүйелерін әзірлеу бөлімі тасымал механизмдерін тәжірибелік зерттеу зертханасының бастығы А.К. Айдарханова қатысты. Кездесуде қарастырылған негізгі мәселе – қоршаған ортаға зерттеу жүргізген кезде сапа менеджменті жүйесін дамыту және […]
Posted: 04.12.2024
2024 жылғы 24-29 қараша аралығында Марсель қаласында (Франция) Радиоэкология және қоршаған ортаның радиоактивтілігі жөніндегі 6-шы Халықаралық конференция өтті (6th International Conference on Radioecology & Environmental Radioactivity – ICRER 2024). Конференцияға радиациялық физика, химия, медицина, биология және экология саласындағы әлемнің түрлі елдерінен келген ғалымдар мен мамандар қатысты. Қатысушылардың баяндамалары климаттың өзгеруіне, қоршаған ортаны мониторингілеуге, адамның және […]
Posted: 20.02.2019
«Қазақстанның ядролық қоғамы» ассоциациясы жыл сайын ядролық кәсіпорындардың жас мамандарына «Қазақстанның ядролық әлеуеті» семинарын ұйымдастырады. 2019 жылғы 18-19 ақпанда Алматы қаласында ҚР Атом ғылымы, энергетика және өнеркәсіп ардагерлерінің ІІ съезінің шеңберінде «Қазақстанның ядролық әлеуеті» Жастар семинары өтті. Ұйымдастырушылардың шақыруы бойынша жастар семинарына РҚЭИ филиалының қызметкерлері талдаудың ядролық-физикалық әдістері зертханасының инженері Топорова Анна мен ғылыми-техникалық ақпараттар […]
Posted: 18.02.2020
2020 жылғы 17 ақпанда ҚР ЭМ Ядролық технологиялар паркі базасында ҚР ҚЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қызметкерлері Л.Б. Кенжина мен Д.Б. Бияхметова ядролық және радиациялық технологияларды ауыл шаруашылығында, тағам өнеркәсібінде, медицинада және адам қызметінің басқа да салаларында қолдану аясындағы бірлескен зерттеулердің келешегін талқылау жөніндегі жұмыс кездесуіне қатысты. Қазақ Ұлттық Өсімдік қорғау және […]