RAP.24
14.06.2024
2024 жылғы 10-12 шілде аралығында Гранада қаласында (Испания) Радиацияны қолдану жөніндегі халықаралық конференция – International Conference on Radiation Applications (RAP 2024) өтті. Конференцияға әлемнің түрлі елдерінен келген радиациялық физика, химия, медицина, биология және экология саласындағы ғалымдар мен мамандар қатысты. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан «Радиоэкология» секциясына радиоэкологиялық және биодозиметриялық зерттеулер бөлімінің бастығы Андрей Васильевич Паницкий, радиоэкологиялық және биогеохимиялық зерттеулер зертханасының бастығы Елена Николаевна Поливкина және мониторингілеу және экологиялық-аналитикалық зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері Сергей Борисович Субботин қатысты. Олар ҚР БҒМ AP19675376 «Семей сынақ полигонының аумағында мекендейтін ірі тұяқты жануарлар үшін радиоэкологиялық қатерлерді бағалау», AP19675034 «Органикалық-байланысты тритийдің ауыл шаруашылығы өсімдіктерінде жинақталған кезіндегі радиоэкологиялық қауіптілікті зерттеу» және АР19674615 «Солтүстік Қазақстан облысының уран кеніштерін игеру салдарын бағалау» гранттық қаржыландыру жобалары шеңберінде алынған нәтижелерді ұсынды. Конференция аясында физика, химия, биология, медицина, инженерлік және қоршаған ортаны қорғау ғылымдарында радиацияны қолдануға байланысты кең ауқымды бағыттар бойынша зерттеу нәтижелері, радиобиологиялық және радиоэкологиялық зерттеулердің нәтижелері ұсынылды. Аналитикалық зертханалық жабдықты әзірлеудегі соңғы жетістіктер де айтылды.