ХҒТО ССП су сапасын зерттеу жөніндегі жобасы
26.03.2018
1 наурызда ХҒТО-ның қосалқы мердігері ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы болып табылатын «Семей сынақ полигонындағы жалпы экологиялық жағдайды қалыптастыруға химиялық токсиканттардың әсерін зерттеу» жобасы бастау алды. Аталған жоба Астана қаласында Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың бас офисінің ашылуы кезінен бастап Қазақстанда жүзеге асырылатын бірінші жобалардың бірі болып табылады.
Оның мақсаты – Семей сынақ полигонының су пайдалану нысандарындағы су сапасын зерттеу және полигонға тікелей жақын жерде тұратын адамдардың жалпы химиялық-радиациялық жүктемесіне химиялық токсиканттардың үлесін бағалау. Жобаны жүзеге асыру шеңберінде су пайдалану нысандарындағы радионуклидтер мен ауыр металдардың химиялық токсиканттарының құрамын және су сапасының жалпыхимиялық көрсеткіштерін анықтау; түптік шөгінділер, жағалау топырағы мен өсімдіктердің іріктеліп алынған сынамаларындағы радионуклидтер және улы металдар мен ауыр элементтердің құрамына талдау; ластану типі мен деңгейі бойынша ССП су нысандарына радиациялық-геохимиялық аймақтау жүргізу, сонымен қатар, ССП су пайдалану нысандарының сапасын бағалау бойынша міндеттер саласы белгіленген.
Аталған жоба шеңберінде жүргізілетін зерттеулер нәтижелері бойынша ССП аумағындағы су пайдалану нысандарындағы су сапасына жүйелі зерттеу жүргізу және ССП тікелей жақын арада тұратын адамдардың денсаулығына әсерін бағалау болжануда.