ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы жаңа «Pyrolyser-6 Trio» аналитикалық аспабын алған болатын
18.11.2019
АТЭХАГ-мен техникалық ынтымақтастық жөніндегі KAZ9014 «Бұрынғы Семей сынақ полигонының (ССП) жерлерін шаруашылық қолданысқа беру жөніндегі жұмыстарды ғылыми-техникалық қолдау» жобасының шеңберінде ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы 2019 жылы жаңа «Pyrolyser-6 Trio» аналитикалық аспабын алған болатын. Аталған жабдық ядролық қаруға сынақтар жүргізген кезде қоршаған ортада басқаларымен бірге пайда болатын тритий және 14C (сондай-ақ басқа ұшпа радионуклидтер) радионуклидтерін тиімді және жылдам алу үшін арнайы әзірленген және сынақтан өткізілген. «Pyrolyser-6 Trio» пайдалана отырып, алынған үлгілерді ары қарай бета-спектрометриялық әдіспен талдау мақсатында, топырақ, түптік шөгінділер, азық-түліктер, биота, құрылыс материалдары, металдар мен биосынамалар сияқты материалдар мен нысандардан тритий және 14C алуға болады.
Аталған жабдық радиоактивті ластануға ұшыраған аумақтардағы радиациялық жағдайды зерттеу мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін, сонымен қатар, қоршаған орта нысандарын бақылау және радиациялық мониторингілеуді жүргізу үшін қолданылатын болады.