Posted: 24.04.2023
2023 жылғы 14-15 сәуір аралығында М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалында студенттер, магистранттар мен жас ғалымдардың «Ломоносов-2023» XVIII Халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Бұл Мәскеу университеті өткізетін «Ломоносов-2023» Халықаралық жастар ғылыми форумының құрамдас бөлігі болып табылады және іргелі ғылымның заманауи қоғам дамуындағы рөліне арналған. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан 3 жұмыскер […]
Posted: 30.09.2019
2019 жылғы 27 қыркүйекте ҚР Ұлттық ядролық орталығының қызметкерлері «Атом саласы қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесін тойлады. Мерекені тойлау салтанатты жиналыстан басталды, онда ҚР Ұлттық ядролық орталығы әртүрлі филиалдарының қызметкерлері мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Салтанатты жиналыстан кейін Курчатов қаласы Әкімдігімен бірге ҚР ҰЯО РМК алғашқы бас директоры, ф.-м.ғ.д., профессор Батырбеков Ғадлет Әндиянұлының құрметіне мемориалды […]
Posted: 15.04.2020
Өзінің Туған Күнінде Курчатов қ. ардагер майдангерлерінің бірі құттықтауларды қабыл алуда. Туған күн иесін осы мерекесімен «ҚР ҰЯО» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының өкілдері құттықтап, соғыс жылдарындағы өшпес ерлігі мен бейбіт күндердегі адал еңбегі үшін шынайы алғысын білдіріп, мықты денсаулық, өмірге деген құлшыныс пен молшылық тіледі!
Posted: 14.10.2019
2019 жылғы 07-11 қазан аралығында Сербия Республикасында (Белград қ.) «Мәдени мұра Нысандарын Рентгенді Визуалдау Технологиялары» тақырыбы бойынша оқыту курстары өтті. Курсты Атом Энергиясы жөніндегі Халықаралық агенттік ынтымақтастығымен Белградтағы «Винчи» Ядролық зерттеулер институты ұйымдастырды. Күн тәртібінде визуалдаудың заманауи техникаларын, сонымен қатар, түрлі аспаптық әдістерді («үлдірлік» рентгенографияны, сонымен қатар, заманауи цифрлық технологияны қолдану) қолдана отырып, бұзбай бақылау […]
Posted: 12.07.2019
2019 жылғы 09-11 шілде аралығында Литвада (Вильнюс қаласы) радон карталарын әзірлеу және радонға ұшыраған аудандарды анықтау бойынша жұмыс кездесуі өтті, оған Ресей, Қазақстан, Польша, Беларусь, Украина, Португалия, Қырғызстан, Чехия, Болгария, Греция, Словакия, Венгрия, Босния мен Герцеговина, Эстония, Румыния, Сербия, Албания, Кипр мамандары қатысты. Жұмыс кездесуіне ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан радиациялық […]
Posted: 13.09.2019
Курчатов қаласына жұмыс сапарының бірінші күнінде Корея Республикасы Бірлесу министрлігінің қызметкерлері ҚР ҰЯО РМК басшылығымен кездесіп, ситуациялық орталыққа барды. Делегаттар Радиациялық қауіпсіздік және экология институтына, атап айтқанда, экожүйелерді кешенді зерттеу бөліміне, аналитикалық зерттеулер бөліміне, Семей сынақ полигоны тарихының мұражайына, «Тәжірибе даласы» сынақ алаңына барды. Сондай-ақ делегаттар Атом энергиясы институты Токамак КТМ нысанына да барды.
Posted: 29.09.2023
26-шы қыркүйекте, АТЭХАГ 67-ші Бас конференциясының шеңберінде 25 және 29 қыркүйек аралығында Австрия, Вена қ. өтетін АТЭХАГ-нің Қазақстанға Семей сынақ полигонын қауіпсіз жай-күйге келтіруге және елдің ұлттық ұмтылысындағы халықаралық ынтымақтастықтың жетістіктерін баяндауда қосқан үлесін көрсететін «Remediation of the former Semipalatinsk test site: 30 years of IAEA assistance» сайд-ивент болып өтті. Іс-шараның спикерлері ҚР «Ұлттық ядролық […]
Posted: 17.05.2019
АҚШ елшісі Уильям Х. Мозер Курчатов қаласына жұмыс сапарының бірінші күнінде «Байкал – 1» зерттеу реакторларының кешеніне барып, атом энергетикасын дамыту және ядролық қаруды таратпау сұрақтарын шешу саласындағы қазақстандық-америкалық ынтымақтастық шеңберіндегі жобалардың іске асырылуымен танысты. Атап айтқанда, БН -350 реакторының пайдаланылған ядролық отынын тасымалдау және ары қарай сақтау жөніндегі бірегей жобаны іске асыру, нысандардың физикалық […]
Posted: 20.06.2019
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы үшін келісімшарттық негізде өндірістік, дипломалды іс-тәжірибелерді ұйымдастыру дәстүрге айналған, айта кететіні, тек Қазақстанның оқу орындарынан ғана емес, студенттер ТМД елдерінен де келуде. Атап айтсақ, екінші жыл қатарынан Аналитикалық зерттеулер бөлімінде М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің химия факультеті радиохимия кафедрасының 5 курс студенттері іс-тәжірибеден өтеді. Биылғы […]